Жүк айналымы жоспарға сай

Жаңалықтар
04.11.2016, 17:18
«Шымкент жүк бөлімшесі» ЖТ филиалында тоғыз айда 6 249 мың тоннаның орнына 7 345 тонна жүк тиеліп, меже 118 пайызға жеткен. Оның ішінде 794 мың тоннаны цемент, 3635 мың тоннаны мұнай өнімдері құраған.   Жалпы, өңірде өткен үш тоқсанның ішінде жүк айналымы 5 млрд 367,8 млн ткм неттоға жуықтап, жоспар 104 пайызға орындапты. Дегенмен, бұл көрсеткіш өткен жылғы 9 аймен салыстырғанда 7,9 млн ткм неттоға төмен болып  тұр. Техникалық бөлім мамандары мұның себебін тәулігіне жүк тиелген вагондардың төртеуге кемігенімен  түсіндіреді.  Локомотивтің өнімділігі іс жүзінде 1 млн 150 мың ткм.бруттоға тұрақтап, 102 пайызды көрсетсе, локомотивтің жүріс жылдамдығы 550,5-тен 561,4 шақырымды көрсетіп, жоспарды толығымен орындаған. Пойыздардың орташа салмағы да берілген тапсырмадан 30 тоннаға артып, 3177 тоннаға тұрақтаған. Локомотивтің телімдік жылдамдығы сағатына 45,45 шақырымға жетіп,  биылғы жоспар үдесінен шыққанмен, өткенжылмен салыстырғанда 98,6 пайызға, яғни сағатына 0,63 шақырымға азайған. Себебі, «Тұлпар-Тальго» жолаушылар пойызы мен салмағы ауыр, ұзын пойыздарды бірінші жіберу үшін Арыс – Түркістан теліміндегі Күншағыр – Отырабат, Ақшоқат – Темір – 37 разъезд аралығындағы бір бағыттық жолда осы жүк пойыздары тұрып қалады екен. Оған қоса 2073,4 сағаттың уақытында 482 рет «толаскез» өткізілгені бар. Техникалық жылдамдықтың өткен жылға қарағанда 0,54 шақырымға азаюы осының салдарынан. Ал, бұл тоғыз айда сағатына жоспардағы 48,92- ден 49,22 кмқұрап, межені бағындырған. Тиелген вагонның динамикалық жүктемесі101 құрап, өткен жылмен салыстырғанда 105 пайызды межелеген. Орталық Азияға ұн, астық жіберілген вагондар қайтарда бос келеді. Осы және басқа да себептен бос вагондардың көбеюіне байланысты, олардың жүк тиелген вагондарға қатынасы жоспардағы 77,44 орнына 79,94 пайызға жүзеге асып, бұл саладағы жұмыстың нәтижесі 96,9 пайызды көрсетуде.Себебі, Түркістан және Түлкібас сынды түйіспе бекеттерден босаған вагондардың қабылдануы күндік жоспардан 66 вагонға көбейгендігінен,жұмыс паркінде бір күнде тұруы тиіс 3178 вагонның орнына 3306 вагон сақталып, тәуліктікмеже128 вагонға артық болған. Пойыздар қозғалысының орташа тәуліктегі телімдік жылдамдығы сағатына 45,27 км, вагондардың орташа тәуліктегі өнімділігі 5129 ткм нетто, локомотивтің орташа тәуліктегі өнімділігі 1102 мың ткм бруттоға тұрақтаған. Өңірден жыл он екі ай бойы, мұнайдан шығатын жанар-жағар май, мазут сынды өнімдер мен мақта, темір, көмір, тіпті мал шаруашылығына  қажетті кебек пен егін шаруашылығына керек тыңатқыштарға дейін түсіріліп-жөнелтіліп жатады. Солтүстіктен келген бидай ұнға айналып Өзбек, Тәжік, Ауған елдеріне асады. Жаздағы науқан кезінде тиелетін көкөніс пен бақша дақылдары және бар. Оған қиыршық тас, цемент, бетон, бағана сынды құрылыс материалдарын қосыңыз. Осындай құрама заттар тоғыз айдағы орта тәулікте 386-ның орнынан 447 вагонды құрап,  жоспар 115,8  пайызға орындалған. Ал, күн сайын 336-ның орнына 363 вагоннан жүк түсіріліп тұрған. Бір жүк операциясы кезінде вагонның бос тұруы 16,35-тің орнына 16,20 сағатқа азайып, 15 сағатқа кеміген. Күнделікті кестемен жүру, үздіксіз жүріп жатқан пойыз вагондарының дөңгелегін уақытылы тексеріп, оны белгіленген мерзімде құрастырып, босату, қайта сұрыптау жұмысы өте жауапты да күрделі.  Осындай қауырт тірлікте көзге көрінбейтін себептерден пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін сақтау ережесі 18 рет бұзылған. Бірақ, аптасына, айына, кейде кезектен тыс өтетін техникалық сабақтың нәтижесі болар, теміржолшылар өндіріс алаңында жарақат алмапты.

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл