Ауқымды жұмыстар атқарылды
Жаңалықтар
07.11.2016, 18:44
Үстіміздегі жылдың соңына дейін 4 жолақты, ұзындығы 2787 километрді құрайтын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік дәлізінің барлық бойында, соның ішінде 4 жолақты 100 км Шымкент – Ташкент телімінде, 6 қозғалыс жолағы бар 104 км Алматы – Қапшағай және 141 км Қапшағай – Талдырқорған, сондай-ақ, 171 км Астана – Теміртау және 4 қозғалыс жолағы бар 470 км Ақтау – Бейнеу автожолдарында автокөлік қозғалысы ашылмақ.
Қазіргі таңда 489 километрді құрайтын Астана – Көкшетау – Петропавловск дәлізі толықтай ашылып, онда қозғалыс 6,4 және 2 жолақтарда жүзеге асырылуда.
Ағымдағы жылдың 3 қарашасында Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалық етуімен республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының желісін, сондай-ақ жол бойындағы қызмет көрсету кешендерін дамыту жөнінде селекторлық кеңес өтіп, оның барысында ҚР инвестиция және даму вице-министрі Берік Камалиевтың және «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ермек Қизатовтың, облыс басшыларының есептері тыңдалған болатын.
Баяндамашылар есебіне сүйенсек, ағымдағы жылға арналып жасалған қайта жаңарту бойынша барлық жоспарлар орындалып, 2016 жылдың қорытындысына сай 924 км бойынша қайта жаңарту жұмыстары аяқталған.
Жыл соңына дейін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің жалпы ұзындығы бойынша «Орталық-Оңтүстік»: Астана – Теміртау және Алматы – Қапшағай бағыттарында жол қозғалысы ашылады деп күтілуде. Сонымен қатар Батыста Ақтау – Бейнеу бағытындағы жол қозғалыс ашылмақ. Қазіргі уақытта Көкшетау – Петропавл жолында көлік қозғалысы ашылса, Қостанайда Тобыл өзені арқылы және Павлодар облысындағы Ертіс өзені арқылы өтетін көпір қолданысқа берілген.
Биыл республикалық маңызы бар жолдардың 1200 шақырымында күрделі, орташа және ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіліпті.
Ал 2017 жылы 2000-нан астам шақырым жолды қайта құрылымдау жұмыстарымен қамту көзделген, соның 555 шақырымын қолданысқа беру жоспарланыпты. Таратып айтар болсақ, «Орталық – Оңтүстік» дәлізі бойынша 208 км, Қапшағай – Талдықорған 24 км, Бейнеу – Ақтау 230 км, Қордай ауылының айналымы 40 км, Орал – Каменка 27 км және Ақтөбе – Атырау 26 км.
«Біз сондай-ақ, Жетібай – Жаңаөзен, Бейнеу – Ақжігіт, Қостанай – Денисовка, Талдықорған – Өскемен, Күрті - Бурылбайтал» және т.б. жаңа бағыттар бойынша қайта жаңарту жұмыстарын қолға алуды жоспарлап отырмыз», – деп хабарлады вице-министр.
Жиналыс барысында жергілікті жол желісінің дамуы сұрақтары қаралды. Қазақстандағы жергілікті жолдар желісінің жалпы ұзындығы 72,8 мың шақырым.
Жол жөндеу жұмыстарынан 2 мыңнан астам шақырым өтсе, соның ішінде жол салу және қайта құрылымдау үдерістерінен 130 шақырым, күрделі және орташа жөндеуден 1884 шақырым өткен. Жиналыс барысында Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында жергілікті бюджеттен жеткіліксіз қаржыландыру жүріп жатқандығы байқалғандығы атап айтылды.
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жергілікті жолдарды тиісті сапада қамтамасыз ету – басым мақсаттардың бірі екендігін атап өтті. Осыған байланысты, ол облыс әкімдіктеріне алдағы 2017 жылы жергілікті жолдардың дамуына, жөндеуіне және автожолдарды күтіп ұстауға бюджеттен бөлінетін қаражатты ұлғайтуды тапсырды.
Жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының дамуы бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ермек Қизатов есеп берді. Ол соңғы жылдары республикалық маңызы бар жолдарда жыл сайын 6% деңгейінде жүк тасымалының тұрақты өсуі сақталып отырғанын жеткізді.
Осы ретте, автотасымалдаушыларды жол бойында заманауи, сапалы қызметтермен әрмен қарай қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылы жол бойындағы сервистер нысандары үшін ҚР Ұлттық стандарттары бекітілгенін атар едік. Бүгін республикада шамамен 2,5 мың шашыраңқы нысандар қызмет көрсетіп келеді, олар жағармай құю станциялары, сауда және қоғамдық тамақтандыру орындары, бірақ, солардың 80%-ы бекітілген стандарттардың талаптарына сай келмеуде.
«Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес 2020 жылға дейін негізгі жолдарда стандарттарға сай 260 қызмет көрсету нысандарын орналастыру көзделуде екен.
Алайда, оларды біркелкі орналастыру мақсатында, жергілікті атқарушы органдармен және ҚР Инвестициялар және даму министррлігінің бұйрығымен А, B, С және Д санаттары бойынша нысандардың орналасу кестесі бекітілген. «ҚазАвтоЖол» ҰК»АҚ үстіміздегі жылдың желтоқсанында өңірлік жоспар-шаралар негізінде, құзіретті орган қаралымына 2020 жылға дейінгі Жол бойы сервисті дамыту бағдарламасының жобасын ұсынуды жоспарлап отырған көрінеді. Онда бірінші кезектегі жол бойы сервисі нысандарын дамыту және қолданыстағы нысандарды жаңғырту жұмыстары қарастырылған. Сондай-ақ, бұл жоба 20 мыңнан астам адамның жұмыс істеуіне мұрсат бермек.
Жиналысты қорытындылай келе, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин, 2016 жылы Қазақстан автожол инфрақұрылымын жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс істелгенін атап өтті. Сондай-ақ, ол бірқатар тапсырмалар берді. Инвестиция және даму министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен және «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-мен бірлесе отырып, 2017 жылы құрылыс жұмыстарын уақытылы бастауды, сондай-ақ, 2017 жылдың 1 сәуіріне дейін 2020 жылға дейінгі халықаралық және республикалық маңызы бар жол бойы қызмет көрсету нысандарының дамуы мен оны жүзеге асыру жоспарын бекітуді тапсырды.
Ислам ТАЛҒАТ
Әлеумет
17.06.2026
10 мыңнан астам теміржолшы баласы лагерьде демалады
Инфрақұрылым
17.06.2026
Алтынкөл – Жетіген теміржол инфрақұрылымы учаскесін жаңғырту жүзеге асырылды
Әлемде
17.06.2026
Stadler төрт осьті жүк электровозын таныстырды
Жаңалықтар
17.06.2026
Қазақстан мен Иран көлік дәлізі мен порт инфрақұрылымын дамытуды жеделдетуге келісті
Аймақтар
16.06.2026
Қарағанөзек станциясында теміржолдан өту ережесін бұзған 20-ға жуық адам анықталды
Жаңалықтар
16.06.2026
«Нұрлы жол» вокзалындағы бірегей теміржол мұражайы 300 астам келушіні қабылдады
Жүк тасымалы
16.06.2026
ҚТЖ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тасымалына 70% жеңілдік енгізді
Жүк тасымалы
16.06.2026
Қазақстандағы жүк айналымының 57%-ы теміржол арқылы жүзеге асырылады
Цифрландыру
16.06.2026
Ұлттық компания теміржол қауіпсіздігін цифрлық жүйелер арқылы күшейтуде
Аймақтар
16.06.2026
Келбеті келіскен вокзалдар көз тартады
Аймақтар
16.06.2026
Ақтөбедегі зауыт Р50 рельсін өндіруді бастады
Аймақтар
16.06.2026
Атырау теміржолшылары жаңартылған Ата Заңның маңызын талқылады
Темір жол тарихы
16.06.2026
Шежірелі шойын жол тарихы
Спорт
16.06.2026
Маңғыстау теміржолшылары бильярдтан үздіктерді анықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
16.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №46 16 маусым 2026 жыл
Әлемде
15.06.2026
Биыл «Қытай-Орталық Азия» бағытында 15 мыңнан астам пойыз жөнелтілген
Қауіпсіздік
15.06.2026
Қозғалыс қауіпсіздігін бұзу дерегі азайған
Аймақтар
15.06.2026
Жүк пойызының машинистері апаттың алдын алды
Инфрақұрылым
15.06.2026
Кабул дәлізінің құрылысы қақтығыстарға қарамастан жүргізіледі
Жаңалықтар
14.06.2026
ҚТЖ еріктілері балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін бірегей теміржол мегамузейіне саяхат ұйымдастырды