Көш басынан көрінуге жұмылуда

Жаңалықтар
07.11.2016, 18:48
Өткен жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ ұйымдастырған республикалық байқауда «Атырау вагон пайдалану депосы» филиалы өндірістік-шаруашылық қызметте жоғары нәтижелерге жеткені, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталып, «Салалық жарыстың жеңімпазы» атанған болатын. Биыл да аталған мекеме өздеріне жүктелген қызметті өз дәрежесінде атқарып, көшбасынан көрінуге ұжым болып жұмылып отыр. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Атырау вагон пайдалану депосының атқарып отырған еңбегінің  ауқымды екенін биылғы сегіз айда  вагон қараушылардың 155 327 жүк вагоны мен 175 511 жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсетіп, сондай-ақ, 1318 вагонды ағытып, жөндеуінен көруге болады.       Жалпы, облыс аумағындағы темір жолдар бойында орналасқан барлық жүк және жолаушылар вагондарының жағдайын қарап, дер кезінде олардың ақауын тауып, бұзылған жерін жөндеу, сондай-ақ, жүк вагондарына оларды  тасымалдауға дайындау кезінде техникалық қызмет көрсету – осы мекеменің еншісіне кіреді. Сол себепті де мұнда өндірістік жұмысты орындау технологиясы, еңбек қорғау ережесі және қауіпсіздік техникасының талаптары қатаң сақталған.  Атырау вагон пайдалану депосы басшысының орынбасары Мұстахим Оразғұловтың  айтуынша, 471 адам еңбек ететін депода күні бүгінге дейін ұжым қызметкерлері тарапынан ешқандай еңбек және технологиялық тәртіпті бұзу оқиғасы тіркелген емес. Жүріп келе жатқан пойыздың вагон дөңгелегіндегі ақауды автоматты түрде қабылдап алатын КТСМ-02 құрылғысы мекеменің қызмет көрсету аумағындағы 15 жерде, Мұқыр, Жантерек, Жамансор, Бек-бике, Толтыр, Құлсары, Томанды, Аққыстау, Нарын, Исатай, Афанасьево, Д.Нұрпейісова, Ескене, Қарабатан, Доссор станцияларындағы бақылау нысандарында орнатылған. Біздің мекемеде жұмысшылардан ең бірінші кезекте жауапкершілік талап етіледі. Мәселен, егер, бағдаршам жанбай тұрса, ол орнында қала береді. Ал, вагон бір орнында тұрмайды, үнемі қозғалыста болады. Әрі вагондармен жарылғыш заттар секілді қауіпті жүктер тасымалданады. Осы орайда, біздің жұмыста ешқандай кемшілік болмауы тиіс. Сол үшін де мекемеде жұмысшылардың уақытылы тынығуы мен денсаулығына аса мән беріледі. Дер кезінде апатты жағдайға әкелуі мүмкін ақауды тапқан жұмысшыны ынталандыру үшін Компания тарапынан сыйақы да тағайындалған, – дейді орынбасар. Атырау вагон пайдалану депосының техникалық оқыту кабинетінде жұмысшыларға аптасына екі рет сабақ өткізіледі. Кабинет толықтай арнайы заманауи жабдықтармен, оқыту құралдарымен қамтамасыз етілген. Жұмысшыларға әдістемелік сабақтарды практикалық тұрғыда көрсетуге арналған мониторлар орнатылып, карталар ілініпті. Ал, оқыту кезінде еңбек адамдары жаз және қыс мезгілінде орын алуы мүмкін ақаулар, сондай- ақ, еңбек адамының жеке басының қауіпсіздігі секілді ережелерімен таныс болады. Филиал орынбасарының сөзінше, одан бөлек мекемеде өздеріне берілген нұсқаулыққа сәйкес, вагондардың тежегіш құрылғыларын жөндеп, оларды тексеруді сапалы түрде жүргізу, техникалық оқытуды жоғары деңгейде ұйымдастыру, көтеру механизмдері мен тарту құрылғыларының күтімділігіне аса көңіл бөлініп, «Еңбек қауіпсіздігі» күндерін сапалы жүргізу бағытында, осы және т.б шаралар жүйелі түрде жүргізіледі. Қазіргі уақытта көліктегі логистика қарқынды дамып келеді. Яғни, өңіріміздің, темір жолдың өркендеуіне байланысты, бізге келетін жүктер қатары да артуда. Осы жерде теңіз, әуе тасымалдары арасында бақталастық пайда болатындықтан, біз сұранысқа сай сапалы қызмет етуге тиіспіз. Сондықтан да, егер вагон кешігуі орын алса, оның не себептен кешіккендігіне үнемі талдау жасалып отырады. Кезінде су жаңа күйінде сатып алынған вагондар да уақыт өте келе жөндеу түрлерін қажет етуін заңдылық деп білемін. Осы орайда, ескірген вагондардағы ақауды дер кезінде анықтау, сырқаттың алдын алғанмен тең,– дейді Мұстахим Оразғұлов. Вагон пайдалану депосының қызметкерлері арасыеда өздеріне жүктелген міндеттерді, жүк вагондарын жіберіп қарау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, сондай-ақ, өндірістік-қаржылық көрсеткіштерді жоғары деңгейде орындауға атсалысып жүрген белсенді азаматтар бар. Солардың қатарындағы Атырау вагон пайдалану депосы бойынша техникалық қауіпсіздік және еңбек қорғау жетекші инженері Айсәуле Әбдіғалиева «Адал еңбегі үшін» кеуде белгісімен марапатталса, Өндірістік техникалық бөлімінің бастығы Жаншат Ұғибаева «Үздік маман»  белгісінің иегері болды.

Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ, Атырау

Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
22.07.2026
Жас теміржолшылар Абай еліне рухани саяхат жасады
Әлемде
22.07.2026
Ауғанстанның Пәкістан арқылы өтетін транзиттік саудасы күрт қысқарды
Әлемде
22.07.2026
Өзбекстанда «Ташкент – Хиуа» бағыты бойынша қосымша жүрдек пойыз іске қосылады
Жолаушылар тасымалы
22.07.2026
Елімізде жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жалғасуда
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ қызметкерлеріне арналған барлық сервис енді бір платформада
Инфрақұрылым
21.07.2026
Ақтөбе облысында вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Спорт
21.07.2026
Теміржолшы Эльбрус шыңында ҚТЖ туын көтерді
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы Алматыда өрт сөндіруге қатысты
Қауіпсіздік
21.07.2026
Теміржол өткелдерінде профилактикалық рейдтер жалғасуда
Сұхбат
21.07.2026
Теміржол тарихындағы ең ірі жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда
Әлеумет
21.07.2026
ҚТЖ атынан хабарласатын телефон алаяқтары көбейді
Жаңалықтар
21.07.2026
Еліміздің вокзалдарында кедергісіз орта қалыптасуда
Цифрландыру
21.07.2026
Ақтөбе теміржолы цифрландырудың жаңа деңгейіне өтуде
Инфрақұрылым
21.07.2026
ҚТЖ жыл басынан бері темір жолдың 686 шақырымын жаңартты
Жаңалықтар / Мұрағат
21.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №55 21 шілде 2026 жыл
Аймақтар
20.07.2026
ҚТЖ компаниядағы мемлекеттік тілдің үлесін 92 пайызға жеткізуді көздеп отыр
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
№81/82 «Нұрлы жол – Орал» Тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады
Инфрақұрылым
20.07.2026
ҚТЖ Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысын жеделдетеді
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ISO халықаралық төрт стандарты бойынша сертификаттарға ие болды