2016 жылдың 22 мамырында таңертеңгілік сағат 9.00-де Астана – Қырқыншы телімінде жолаушылар пойыздарының қозғалысы іске қосылды.                               Еске сала кетсек, аталған телімде 22 мамыр күні сағат түнгі 00-ден 12-ге дейін «Жылумагистралі» жобасы шеңберінде  монтаждау жұмыстары жүргізілетіні хабарланған еді. Осыған байланысты 19 жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі өзгертілген болатын. Осыған орай, технологиялық «толаскез» барысында, Астана вокзалынан  Қырқыншы станциясы бағдары бойынша 80-нен астам автобус  ұлттық тасымалдаушы қызметкерлерінің ілесіп, жол көрсетуімен жүріп тұрды. Бұл шараларға «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 19 пойыз бригадасын қосқанда, барлығы 100-ден астам қызметкері жұмылдырылғанын мәлімдеп отыр аталған Қоғамның баспасөз қызметі. Сонымен қатар, бірнеше сағатқа кідірген №701 «Алматы – Петропавловск» және №328 «Қостанай – Қарағанды» екі пойызының жолаушылары үшін таңертеңгілік ас ұйымдастырылғанын атап өткен жөн.

Дина ЖАЙЫҚ