Мұнай тасымалы орындалуда
Жаңалықтар
11.11.2016, 11:39
Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Шұбарқұдық станциясында айына орта есеппен 3 мың тонна мұнай тиеледі. Әлемдік дағдарысқа қарамастан, мұндағы жоспар орындалып келеді.
– Жезқазған – Бейнеу жаңа темір жол желісі ашылғаннан бері көптеген жүк пойыздары Шұбарқұдыққа соқпай, Шалқар – Тассай жаңа тармағымен қатынайтын болды. Жаздан бері жолаушылар пойызы да соқпайтын болды. Соған қарамастан, жүк тасымалы көлемі азая қойған жоқ. Биыл тоғыз айда 9 мыңның үстінде пойыз өткіздік. 400 мыңға тарта вагон жүріп өтті. Негізінен шикі мұнай тиейміз. Мұнай бағасы төмендесе де, нарықтағы саудасы азайса да, біздегі жоспар өз деңгейінде орындалып келеді. Тоғыз айдың ішінде 381 вагон мұнай немесе 23 090 тонна қара алтын тиеппіз. Жалпы, станцияда тоғыз айдың ішінде 23 353 тонна жүк тиелді, – дейді Шұбарқұдық станциясының басшысы Қобылан Бектұрғанов.
Станция басшысының айтуынша, тиелген мұнай Атырау облысының Мақат станциясы арқылы экспортқа шығады екен. Ал, жүк түсіру жағынан бүгінде негізінен құрылыс материалдарының дәурені жүріп тұр. Шұбарқұдық тұрғындары мен мекемелері Маңғыстауда өндірілетін ақ бақалшақ тастар мен Ақтөбенің өзінде жасалатын кірпіштер тасиды. Жыл басынан бері 250 вагондай құрылыс материалдары түсіріліпті.
«Маневр тепловоздарға тек қажет жағдайда тапсырыс береміз. Уақытылы келіп, жақын маңдағы Қарауылкелді, Ноғайты секілді станцияларға шығып тұрады», – деген станция басшысы қозғалыс және еңбек қауіпсіздігінің қатаң ережелері бұзылмай, сақталып отырғанын тілге тиек етті. Жыл басынан бері қауіпсіздік тұрғысынан ешқандай төтенше жағдай тіркелмепті.
Шұбарқұдық станциясының үстімен төрт «Тұлпар-Тальго» жүрдек жолаушылар пойызы өтеді екен. Жоғары жылдамдықпен жүйткитін пойыздардың қозғалысына қандай бір кедергі-нұқсан келтірмеу мақсатында, теміржолшылар жергілікті халық арасында түсіндіру, алдын алу жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді екен. Қала берді мектептер мен мекемелерде кездесулер өткізіп, жергілікті басылымда материалдар жариялап тұрады. Айына бір мәрте арнайы топ темір жол өткелдері маңында рейдке шығып тұрады.
Қобылан Бектұровтың айтуынша, темір жолдың екі жағында да ауыл бар екен, мектеп оқушылары да, жұмысқа асыққан адамдар да темір жолды қиып өтетінін көрінеді. «Қатер қайда деме, қыр астында» демекші, бірқатар жолаушылар пойыздарының адамдардың жұмыстан, оқушылардың мектептен қайтатын уақытында тұспа-тұс келіп жататыны, сондықтан бұл уақытта аса сақтық керек екенін тұрғындарға үнемі ескертуге тура келетінін айтады станция басшысы.
– Тоқтамай өтетін пойыздар да бар. Сондықтан адамдар рельстен кемі 5 метр алыста тұру керек. Арнайы хаттамалар да толтырдық. Ескертулер жасап келеміз. Қолдарына көрнекі құралдар ұстатамыз. Мұндай профилактикалық шаралар жалғаса бермек, – дейді станция басшысы.
Бүгінде Шұбарқұдық станциясында барлығы 31 адам еңбек етеді. Ал өзге теміржол мекемелеріндегі жұмысшыларды қоса алғанда 400-ден асады. Тек локомотив пайдалану депосының өзінде 300-дің үстінде машинист пен машинист көмекшісі бар.
Станция үшінші сыныпты. Мұнда деподан өзге белгі беру-байланыс, сонымен қатар электрмен жабдықтау дистанциялары бар. Әскерилендірілген күзет қызметі, билет кассалары, вагон қараушылар жұмыс жасайды.
Асқар АҚТІЛЕУ, Шұбарқұдық
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?