Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент
Локомотивтер қысқа дайын
Оқуға 1 мин
Түркістан локомотив пайдалану депосында 22 бірлік тепловоз байқау өтіп, қыс маусымына толық дайындықта келген.
Оның ішінде 19 ТЭ33 А магистральді тепловоз, үш ТЭМ-2 маневр тепловозы. Темір тұлпарлар тексеруге 4 балмен кіріп, 5 балмен шыққан.
– Қысқы маусымға толық дайындықпен келдік. Байқау алдында тепловоздардың өрт қауіпсіздігін сақтаудағы және техникалық қауіпсіздігі жағдайы тексеріліп, орташа баға берілді. Сосын, кабиналарының линолеумы ауыстырылып, қауіпті жерлерге тән сақтандыру сызбалары боялып, тағы басқа ұсақ-түйектері жаңартылып, екінші қаралғанда бағасы «беске» жоғарылады. Бір жақсысы, тепловоздарды жөндеуге қоярда керекті материалдарға тапсырыс береміз, ол уақытымен келеді. Нәтижесінде байқауда көзге көрінетіндей қателік анықталмады. Тепловоздар күн суығанда жаздық жанармайды қолданбайды. Күн жылыда құятын сұйық отын, ауа райы салқындағанда қоймалжыңданып, жанбайды. Түркістанда қар жаумаса да, солтүстіктегі суық пен қардың ызғары келген соң, тепловоздар толығымен қыстық отынға көшкен, – дейді депоның жөндеу бөлімінің бастығы Нұрлан Сыздықов.
Арыс локомотив пайдалану депосында күзгі комиссиялық байқаудан ВЛ-80С электровоздардың 12 бірлігі мен тоғыз тепловоз өткен. Отарбалар тексеруге 3 балмен кіріп, 4 балмен шығыпты.