10 қараша күні Қазақстандағы Еуроодақ өкілдігінің басшысы Траян Христеа Ақтау портына іс сапармен барды.           Бұл туралы порттың баспасөз қызметі хабарлап, мейманның бұл сапары жалпы Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында екенін атап өтті. Делегация құрамында сонымен қатар ҚР-дағы Литва елшісі Витаутус Наудужаса, Венгрияның еліміздегі елшісі Андрас Барани, Қазақстандағы Франция елшілігінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Каролина Алиджир де болып, оларға облыс әкімінің орынбасары Р. Әміржанов жол көрсетті. Ақтау портының президенті Михаил Ялбачев қонақтарды қарсы алып, жиналғандарға порт жұмысының көрсеткіштерімен, болашақтағы жоспарларымен таныстырды. Порт ішіне экскурсия ұйымдастырылды.

Ұлан ОРАЗ