Ұлы мәртебелі машинистке құрмет
Жаңалықтар
15.11.2016, 13:01
Ағымдағы жыл «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бойынша «Машинист жылы» болып жарияланғаны белгілі. Бұл шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай үлкен маңызға ие болып отыр. Атап айтсақ, «Машинист жылына» орай Ұлттық компания тарапынан темір тұлпарды тізгіндеген майталмандарға «Құрметті локомотив машинисі» атағы берілмек.
Жыл қорытындысымен жақсы көрсеткіштер мен нәтижелерге қол жеткізген машинистерді марапаттау шарасы алдыңғылар қатарында «ҚТЖ» ЖТ» АҚ филиалы ЖТ – Жамбыл бөлімшесіне қарасты Шу локомотив пайдалану депосында өтті. Шараға «ҚТЖ» ЖТ» АҚ вице-президенті Марат Шакенов, Жамбыл жүк тасымалының бас ревизоры Мейрамбек Серікбаев, Шу ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Жақсылықов, сала ардагерлері қатысты. Алдымен көпшілікті ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаған «ҚТЖ» ЖТ» АҚ вице-президенті Марат Шакенов бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталды.
– Биылғы жыл біздер үшін өте маңызды жыл болды. «Машинист жылы» аясында локомотив бригадаларының алдына көптеген міндеттер мен мақсаттар қойдық. Және бұл үдеден теміржол тарландары шыға білді. Сондықтан, өз кәсібінің үздігі атанған мәртебелі мамандық иелеріне тұңғыш рет «Құрметті локомотив машинисі» атағын бергелі тұрмыз. Өздеріңізге белгілі ағымдағы жылы Ұлттық компания президентінің бұйрығымен жекелеген санаттағы қызметкерлерге салалық жәрдемақы төлеу жасы 59 жастан 57-ге төмендеді. Сондай-ақ жыл ағымында қызметкерлерді ынталандыру мақсатында да көптеген жұмыстар атқарылды. 5 машинист «Құрметті теміржолшы», 10 машинист «Адал еңбегі үшін» төсбелгісінің иесі атанды. 2 машинист нұсқаушысы Компания президентінің атаулы сағатымен, 2 машинист, 1 машинист көмекшісі және 1 машинист нұсқаушысы «Кәсібі бойынша үздік» атанды, – деп мәлімет берді Марат Шакенов.
Сонымен «Машинист жылы» қорытындысы бойынша Шу депосында қатарынан оза шауып бәйге алған майталмандар кім десек, тепловоз және электровоз машинистері Д.Ноғайбаев, Ж.Булкинов және Ж.Оспановтар локомотив депосының тарихында тұңғыш рет «Құрметті локомотив машинисі» атанып, арнайы белгісімен марапатталды. Ал Құрметті теміржолшы, Шу ауданының Құрметті азаматы О.Молдабаев, электровоз машинисі А.Кенжиев, электровоз машинисі В.Моргундерге бағалы сыйлықтар табыс етілді. Бұдан кейін сөз алған депо директоры Қайрат Көкірекбаев депо жұмысының көрсеткіштеріне тоқтап, өндірісте жоғары нәтижеге ие болған машинистер мен слесарьларға Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттар табыс етті.
Жиында сөз алған сала ардагері, Құрметті теміржолшы Отан Молдабаев тоғыз жолдың торабына орналасқан Шу қаласы теміржолшылардың ұстаханасына айналып отырғанын мақтанышпен жеткізіп, еңбегі жанып жатқан әріптестерін құттықтап, табыс тіледі.
Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
ҚОС МАЙТАЛМАН МАРАПАТТАЛДЫ
«ҚТЖ» ЖТ» АҚ президентінің Батыс аймағындағы өкілі А. Натиевтің қатысуымен Сексеуіл локомотив пайдалану депосында 125 локомотив бригадаларының қатысуымен жыл қорытындысы жасалды.
«Машинист жылының» қорытындысы бойынша Сексеуіл локомотив пайдалану депосы ұжымында тұңғыш рет қос машинист «Құрметті локомотив машинисі» төсбелгісімен марапатталды. Олар – жолаушылар тасымалында 37 жыл еңбек етіп келе жатқан 2-класты тепловоз машинистері Құлымбет Карибаев пен Жидебай Абдуллаев сынды өз ісінің үздіктері.
«ҚТЖ» ЖТ» АҚ президенті Оралхан Кулаковтың бұйрығымен таныстырып, жоғарыда аты аталған қос азаматқа «Құрметті локомотив машинисі» төс белгісін табыс еткен өкіл машинисінің қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі мен жауапкершілігіне тоқталды.
Бүкіл жылжымалы құрамның жауапкершілігі локомотив бригадасына жүктеледі. Машинистің қырағылығы күллі құрамның, сол құрамдағы жүздеген жолаушының амандығына кепіл болады. Осындай жауапкершілік жүктелетін тепловоз машинистеріне жасалып отырған бүгінгі құрмет құтты болсын, – деп лебіз білдірді Жүк тасымалының Батыс аймағындағы өкілі А.Натиев.
Сонымен қатар, салада соңғы уақыттағы болып жатқан жағдайлар мен құрылымдық өзгерістерді түсіндіріп өткен өкіл депо ұжымы машинист деген мәртебелі атқа қашан да лайық болып, сенім үдесінен шыға берулеріне тілектестік білдірді.
Келесі кезекте сөз алған Сексеуіл пайдалану депосының бастығы Сейілхан Ержанов бұл марапат тек екі адамның еңбегі емес, ұжымның еңбегі, сондықтан темір тұлпарды тізгіндеген барша сексеуілдік машинистерге ортақ екенін жеткізді.
Ерман Әбдиев, Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Шу, Қызылорда
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?