Жолдарды ұзарту қажет

Жаңалықтар
18.11.2016, 12:16
 Түркістан станциясында осыдан 2-3 жыл бұрын ұзынқұрамды пойыздар жиі өтетіндіктен, станциялық жолдар оған тарлық қылатын. Бір ұзын пойыз үш жолды ұстап тұратындықтан, бекеттегі 4 жолды ұзартуға ұсыныс берілген. Дегенмен, Жезқазған – Бейнеу темір жол ашылғалы, мұнда пойыздардың келуі азайып, ұзын пойыздар уақытша қиындық тудырмауда.  Бұл бекетте 16 жолы бар, оның 6 жолында вагондар сұрыпталады. Қызылордаға кететін құрамды дайындағанда, әр разъезден қалдырып кету үшін  вагондарды соңынан бастап құрайды. Жолай шағын станцияларға тоқтаған  сайын машинист ағытып кетеді. Бұрнағы жылдары станцияда пойыз көбейгенде станция кезекшілері басқа жолға пойыз қабылдау үшін,  ұзын пойыздардың вагонын ағытып, басқасына жалғап, кейін қайта өзіне қосып әуреге түсетін. Себебі, бұл бекеттегі жолдардың ең ұзыны 68 метрді құрайды. Қалғандары 57-58 метрге жетеқабыл. Ал ұзын пойыздар көбейгенде 71 метрге жетіп, жоғарыда айтқанымыздай, үш жолды жауып қалады. Қазір де жолдарды ұзарту жұмысы кейінге қалып отыр. Тек, бүгінде тастанды пойыздардың тоғытылып тұруы сирек болғандықтан, станцияға келетін ұзынқұрамды пойыздар да азайған.  Себебі, Жезқазған – Бейнеу жолы ашылған соң, Түркістан арқылы өтетін пойыз саны 30 пайызға азайыпты. Яғни, 2015 жылы жүк пойыздарының келуі 2014 жылмен салыстырғанда 50 пайызға төмендеген. Алдыңғы жылдары тәулігіне 13-14 пойыз қабылданып-жөнелтілсе, бетбақдалаға жол тартылған соң, бұл меже тәулігіне 7-8 пойызды көрсетуде. – Жыл соңында пойыздарды Өзбекстанға өткізу қиындық тудырады. Қазірден өзбектер пойызды аз алып жатыр. Ал, Сарыағаштан тәулігіне  17-18  пойыз жөнелтуге дайын тұрады. Қаңтар-ақпанға дейін тастанды пойыздар көбейеді. Арыстың жолдары толып қалған соң, біздің пойыздар Ақтөбеге дейін, Түлкібастан Шуға дейін тоқтап тұрады. Оның экономикалық шығыны да бар. Қазір жағдай дұрысталғанмен, келешек үшін ұзын жолдар  салыну керек. Өйткені, күні ертең тастанды пойыздардың қиындығы қайта айналып келгенде, станцияда пойыздар қаптап, келген құрамдарды қабылдау қиындық тудырады. Оның үстіне талапқа сай пойыз бағыттағыш бұрманың үстінде тұрмау керек. Бұл станция кезекшісінің жұмысына да қолайсыздық тудырады. Бір жылдан бері жаңа әдіске сай пойыздар 25-40 минуттан ғана аялдауда. Вагондардың жағдайын Арыс пен Шиеліде толықтай қарайтындықтан, біздің вагон қараушылар тек ауасын тексеріп жібереді. Бұрынғыдай әр дөңгелекті балғамен ұрып жүрмейді. Жүк пойыздарының тұруына 40 минут  берілгенмен, Арыс станциясы уақытылы алмауына байланысты, біз вагонды ағытып, қайта жалғап әуреге түсеміз. Сөйтіп,  1,5-2 сағатқа дейін тұрып қалады. Ал сыр елінен еш кедергі жоқ, пойыздар зулап кетіп жатыр. Тіпті жолаушылар пойызы 15 минут қана бөгеледі. Станция кезекшісі де әр пойыздың тұру уақытын біліп отыратындықтан, келесісін қабылдау үшін қиналмай есептеп отырады. Түстен кейінгі ауысымның соңында пойыз көбейеді. Біздің станция кезекшілері қазір тек Арыстың жолдарында  пойыздың толып қалуына байланысты қиналады, – дейді бекет бастығы Қадыр Сырлыбеков.

Бекәли АЛТЫН,  Шымкент

 
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?