Жауапкершілікті арттыру қажеттігі байқалды

Жаңалықтар
25.05.2016, 16:20
Биылғы көктемгі тексерісті қорытындылау жиынында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбек қорғау бойынша барлық шаруашылықтардағы кемшіліктер жіктеле сараланды. Атырау жол бөлімшесі бойынша өткен 4 айда пойыздық және маневрлік жұмыстарда ақау, өндірістік жарақат алу жағдайы орын алмаған. Жалпы алғанда, қозғалыс қауіпсіздігі, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы, техникалық құралдардың жағдайы, ғимараттардың абаттандырылуы, жұмысшылардың тәртібі – қанағаттанарлық. «Вокзал-сервис» АҚ-ға қарасты Мұқыр, Жантерек, Исатай, Нарын, Бақсай, Жамансор, Кенбай, Ескене, Таскескен вокзалдарына күрделі жөндеу 2013 жылы жүргізілген. Алайда, вокзалдар мен Атырау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты барлық разъезд ғимараттарын әктеп-сырлауға, айналаны таза ұстауға көңіл бөлу қажеттігі ескертілді. Станцияларда кезекшілер жаңа нұсқаулықпен жұмыс жасауға көшпеген, өз міндеттерінің білімін жетілдіру, жүк қабылдап-жөнелту бойынша ескертпелер бар. Жол дистанциялары бойынша Ганюшкино, Исатай, Сазанқұрақ, Д.Нұрпейісова, Шоқпартоғай разъезі сынды кейбір учаскелерде, шпалдың және рельстің, бұрмалардың ақаулағынан жылдамдықты шектеуге тура келген. Сондықтан бұл кемшіліктерді жедел қалпына келтіру қажет. Белгі беру және байланыс дистанциялары бойынша 95 кемшілік анықталып, олар негізінен рзд. Д.Нұрпейісова, рзд. №4, рзд. №5, ст. Ганюшкино, рзд. №7, ст. Сазанқұрақ, рзд. №14, ст. Аққыстау, рзд. №16, рзд. №496, ст. Қарабатан, рзд. №441, рзд. Шоқпартоғай, рзд. №469, рзд. №470  электр желілерін, бағыттамалы бұрмаларды сыртқы тексеруді, рельс шынжырларының оқшаулау элементтерін тексеруді сапасыз жүргізу және жөндеу бағытындағы кемшіліктер. Барлық дистанцияларда техникалық құжаттама жүргізуде де олқылықтар орын алған. Махамбет станциясында ДГА-24 резервті электростанциясы жұмыс жасамай тұр. Көп жерлерде өрт дабылы жұмыс жасамайды, соған орай жыл сайын өрт дабылдарын жөндеу мен қызмет көрсетуді бюджетке енгізу ұсынылды. Жол және байланыс дистанциялары арасындағы бірлескен жұмыстарды өз деңгейінде жүргізу қажеттігі де айтылды. Ал, электрмен жабдықтау дистанцияларында жарықтандыру мәселесі төмен. Атырау-Ганюшкино учаскесіндегі станцияларда тартымдық жолдағы бұрмалар 60 ваттық әлсіз шамдармен жарықтанып тұр. Атырау-Сағыз учаскесінде КТП-ға қызмет көрсету үшін баспалдақтар қойылмаған, трансформатордың кеңейткіш бөшкелерінен май ағу орын алған. Вагон шаруашылығында КТСМ-02 15 автоматты бақылау құралы қолданыста бар, бірақ оларды орталықтандыру жүргізілмеген. Вагон қараушылар тарапынан вагонды қарау кезінде қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін кемшіліктер анықталмай жатады. Соған сәйкес, станцияларда вагондарды қайта бақылау-тексеру кезінде сол кемшіліктер анықталған. Негізінен тежегіштің пневматикалық және механикалық жабдықтары, тежегішті реттеу, қолмен тежегіштің дұрыс жасамауы сынды кемшіліктер. Бұлар өндірістік-техникалық жөндеу кезінде қалпына келтірілуі тиіс. Сондықтан өндірістік-техникалық қызмет көрсетудің сапасын арттырып, вагонқараушылардың жұмысына бақылау жүргізу қажет. Жолаушы вагондарына қажетті қосалқы бөлшектер де жеткіліксіз жағдайда. Өрт қызметі бойынша өрт сөндіру пойыздарының жылжымалы құрамын жаңарту талап етіледі. Вагон-сорап станциясы 1952 жылғы, ал көбік құрағыштар мерзімі өтіп кеткен, сондықтан тығыздылығы, тұрақтылығы, басқа да қасиеттері жойылған, жылжымалы мотопомпалармен өрт сөндіру пойыздары жабдықталмаған. Қызметкерлер тыныс алу органдарына арналған қорғаныш құралдармен қамтамасыз етілмеген. Бұлар толыққанды жұмысқа едәуір кедергі келтіретіні рас. Локомотив шаруашылығы бойынша машинист-нұсқаушыларға сын айтылды. Олардың тарапынан пойыздың жүруі, автотежегішті басқару, машинистке қатысты басқа да кемшіліктер анықталмайды. Локомотив бригадаларының бақылау-нұсқау сапарлары, пойыз машинистерімен радиобайланыс дұрыс ұйымдастырылмайды. Мақат сервис орталығында қосалқы бөлшектер жеткіліксіз. Өндірістік, жылдамдық өлшегіш, автомат, электроаппарат цехтарын да қосалқы бөлшектермен жабдықтау қажет. Аталған жайттар саралана келе, бөлімше басшылығымен аталған кемшіліктерді түзету, көктемгі тексеріс анықтаған олқылықтарды қалпына келтіру, жауапты адамдардың жауапкершілігін арттыру жөнінде шешім қабылданды.

Қосұйым Мұқашев, Атырау   

Жүк тасымалы
05.12.2025
«Достық – Алашаңқай» түйіспесі арқылы тасымалдау 6% өсті
Қауіпсіздік
05.12.2025
Мақсат – қауіпсіздік мәдениетін арттыру
Аймақтар
05.12.2025
Қызылордада теміржол автоматикасын жетілдіру жолдары қаралды
Жүк тасымалы
05.12.2025
Транскаспий дәлізі бойынша Қытайдан келетін транзит 12%-ға артты
Аймақтар
05.12.2025
Қандыағашта «Үздік вагон қараушы» анықталды
Жаңалықтар
05.12.2025
ҚТЖ-да WorldSkills Kazakhstan 2025 аясында локомотивті басқару конкурсы басталды
Жаңалықтар / Мұрағат
05.12.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №101 05 желтоқсан 2025 жыл
Қауіпсіздік
04.12.2025
Жамбылда зілзала кезіндегі іс-қимыл пысықталды
Жүк тасымалы
04.12.2025
Журналистерге өзбек шекарасындағы астық экспортының логистикасы көрсетілді
Қауіпсіздік
04.12.2025
Өрт кезіндегі әрекет
Спорт
04.12.2025
Үздік үштік анықталды
Жаңалықтар
04.12.2025
Пойызда төбелес шығарған азамат қоғамдық жұмысқа тартылды
Жүк тасымалы
03.12.2025
Чунцин – Будапешт бағыты бойынша тұрақты жүк тасымалы басталды
Жүк тасымалы
03.12.2025
Жаңа бағыттар іске қосылады
Жолаушылар тасымалы
03.12.2025
14 желтоқсаннан бастап «Астана – Омбы» бағыты бойынша пойыз қатынайды
Инфрақұрылым
03.12.2025
2025 жылға арналған жолдарды жөндеу жоспары асыра орындалды
Жаңалықтар
02.12.2025
Цифрлық кешен бригадалардың өндірістік қауіпсіздігін және пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін арттырады
Жүк тасымалы
02.12.2025
ҚТЖ желісі бойынша жүк тасымалдау 287,8 млн тоннаға жетті
Жаңалықтар
02.12.2025
Өзара сенім мен ынтымақтастық жолында
Сұхбат
02.12.2025
Басты міндет – қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру