Марат Төлепберген, Ақтөбе
«Тәуелсіз Қазақстан» – Хромтауда
Оқуға 1 мин
Сәрсенбінің сәтіне Ақтөбе облысының Хромтау ауданына «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы келді.
Құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, медицина және әлеуметтік сала қызметкерлері бар пойызды хромтаулықтар құшақ жая қарсы алды. Жергілікті тұрғындарға медициналық және консультативтік қызмет көрсетіп, әлеуметтік және құқықтық, ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік салалар бойынша кәсіби кеңес беріп, сонымен қатар, қайырымдылық акциялары мен мерекелік концерттер өткізеді деп күтіліп отыр.
«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы жүру кестесіне сәйкес Хромтау станциясынан кейін, 20 қараша күні Ақтөбе қаласына, 27 қарашада Шалқар станциясына келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған көпфункционалды құрылым Қазақстаннның 35 елдімекенінде аялдап, 14 желтоқсанда Алматы қаласында жұмысын аяқтайды.