Бірқатар облыстарға қатынайтын пойыздарының жиілігі қысқарады

Жаңалықтар
09.11.2020, 19:42
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстанда коронавирус індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық коммиссия шешіміне және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хатына сәйкес бірқатар облыстарға қатынайтын жолаушы пойыздарының жиілігі қысқарады. 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 9 қарашадан бастап №705/706 «Алматы-Петропавл» жолаушылар пойызы күнара қатынайтын болса, №31/32 «Павлодар-Алматы» жолаушылар пойызы белгіленген күндер бойынша жүретін болады. 

Ал бірқатар облыстарда барлық станцияларға билет сатуға және жолаушы отырғызуға/түсіруге уақытша тыйым салынады: Ақмола облысында Атбасар, Ерейментау, Аршалы станцияларынан, 1, 2 және 3-класты вокзалдар орналасқан Бурабай, Есіл, Макинка, Ақкөл, Жалтыр және Көкшетау курортын қоспағанда; Павлодар облысында Павлодар, Екібастұз, Ақсу-2 және Бозшакөл станцияларын қоспағанда; Қостанай облысында Қостанай, Тобыл, Құсмұрын, Есіл, Арқалық және Железорудная станцияларын қоспағанда; Солтүстік Қазақстан облысында барлық станциялар арқылы жолаушыларды отырғызуға/түсіруге транзиттік жолаушы пойыздарының қозғалысына тыйым салынады. 

Сонымен қатар, №68/67 «НұрСұлтан-Нұрлы жол - Өскемен-1» жолаушы пойызының ап - тасына бір рет жол жүру мерзімділігі және №351/352 «Алматы-2 - Өскемен-1» жолаушылар пойызының ағымдағы жылдың соңына дейін уақытша күнара қатынауы ұзартылды. Петропавл станциясынан шығатын жолаушыда 3 тәулікке жарамды COVID-19 ПТР тест анықтамасы міндетті түрде болуы қажет, сондайақ вокзалға күтіп алушы мен шығарып салушыға кіруге тыйым салынады. Тоқтатылған пойыз бен тыйым салынған станцияларға билет алғандарға ПТР анықтамасы болмағанда билетін қайтарып береді. Билетті қайтару қолмақол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты «105» нөмірі арқылы білуге болады.

Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті