Машинистер мерейі

Жаңалықтар
18.11.2016, 16:57
  Жем локомотив пайдалану депосының ұжымы өздерінің әріптестері, машинистер Әлібек Жармағамбетов пен Жақсылық Алданазаровты «Құрметті локомотив машинисі» атануымен құттықтады. Мекемеде өткен «Машинистер күніне» «Локомотив» АҚ Батыс аймақтық өкілі А.Натиев арнайы келіп қатысып, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ президенті О.Кулаковтың бұйрығына сәйкес, қос машинистке мәртебелі атақ берілгенін мәлім етіп, төсбелгісі мен арнайы куәлігін табыс етті.  Жақсылық Алданазаров еңбекқорлығымен ерекшеленген, жұмыс қабілеті жоғары машинист. Әрдайым білім қорын толықтырып, өздігінен ізденетіндігімен көзге түскен. Сан мәрте бақытсыз жағдайлардың алдын алған. Өзіне тапсырылған телім аралығында пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келеді, осы жылы тасымалдау жұмыс жоспарын 100,1 пайыз орындап шықты. Еңбек жолында жинаған ілімі мен білімін жас әріптестерінен аяған емес. Ұжымда беделі жоғары, құрметке лайық жан. Ал, Әлібек Жармағамбетов еңбек жолын Ембі локомотив депосында 30 жыл бұрын тепловоз машинисі көмекшісінің дублері болып бастаған. Соңғы 22 жылда Жем локомотив пайдалану депосының екінші сыныпты тепловоз машинисі болып қызмет етіп келеді. Осы жылдың 9 айында 9 мың тоннаға жуық дизельді отынды үнемдеген. Тасымалдау жоспарын артығымен орындаған.  Қысқасы, екі машинист те мәртебелі атқа әбден лайық деп танылып отыр. Басқосуда локомотив шаруашылығында соңғы уақытта орын алған ерекше оқиғалар, машинистер ерліктері туралы сөз болды. Мәселен, «Алматы – Маңғыстау» жолаушылар пойызы газ тасымалдау көлігімен соғысып қалғанда жолаушыларды құтқарып қалған машинист Арап Ағатаевтың аяғы сынған көмекшісін қауіпсіз жерге алып шыққандығы айтылды. Биыл көктемде «Лениногорск – Астана» жолаушылар пойызының жеңіл автокөлікпен соқтығысуының алдын алуы да әңгіме арқауына айналды. Осы жылы адал және мінсіз еңбегі үшін марапатталғандар да назардан тыс қалмады. Локомотив шаруашылығы бойынша «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен 5 машинист, «Адал еңбегі үшін» 10 машинист, 2 машинист нұсқаушысы, Компания президентінің  қолсағатымен 1 машинист пен 2 машинист көмекшісі, машинист нұсқаушысы марапатталған екен.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?