«Сенімді серіктес» байқауының жеңімпазы атанды

Жаңалықтар
22.11.2016, 11:37

 Үстіміздегі жылдың 18 қарашасы күні Астанада  «Ұлы дала елі» ІІ-ші  отандық тауар өндірушілер форумы өтті. Шара барысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен «Сенімді серіктес 2016» байқауында жеңіске жеткендерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Байқау жеңімпаздары әртүрлі номинациялар бойынша анықталды. «Сатып алулардағы жергілікті құрамның үлесі» аталымында «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымы – «Жолаушы тасымалы» АҚ  жеңімпаз деп танылды. 

2015 жылдың қорытындысы бойынша, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның жергілікті мазмұн үлесін сатып алудағы көлемі  – 91% құраған. Бүгінде Акционерлік қоғамның компаниялар тобымен 116 бағдар бойынша  жолаушылар тасымалы жүзеге асырылып, осы тасымал процесінің үздіксіз және қауіпсіз орындалуына шамамен 15 мың еңбеккер жұмылып отыр.   Ал байқауда тағы бір «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымы –  «Қазтеміртранс» АҚ «Отандық тауар өндірушілермен ұзақмерзімді шарттар» аталымында көш басынан көрінді. Ол ең қомақты қаржы көлеміндегі ұзақмерзімді келісімшарттар жасасып, отандық тауар өндірушілерге қолдау білдіріп отырған үздік тапсырыс беруші ретінде танылды.  Байқауды ұйымдастырушылар, конкурс жеңімпаздарының сатып алуларға жасалған мониторинг нәтижелері және қатысушыларға жүргізілген сауалнамалар негізінде іріктелгенін мәлімдеп отыр. Әсіресе, жеңімпаздарды іріктеу барысында, сатып алу қызметінің тиімділігі мен  келісімшарттардың орындалу сапасына басымдық беріліпті. Сонымен бірге, бағалау критерийлеріне қатарынан  сатып алуларды тиімді жоспарлау, процедуралар саны, яғни, сатып алулардың бұзылмауы, тағысын тағы көрсеткіштер есепке алынған. Сонымен қатар, форум шеңберінде 10 млрд теңгеге келісімшарт жасалып, төрт тапсырыс беруші компания мен 10 отандық тауар өндіруші арнайы келісімшартқа қол қойды. Соның қатарында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Қазақстандық технологиялық пайдалану орталығы» ЖШС-мен екі жылға, вагон баяулатқыштарды жеткізуге 397 858 140 теңге көлеміндегі қаржыға келісімшарт жасасты. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен биыл екінші рет өтіп отырған форуммен қатар «Көрме» орталығында «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы өтіп, оған аймақтық байқауларда топ жарған 145 компания қатысты. Жүзден жүйрік шыққан кәсіпорындар қатарынан  «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС табылып, темір жол саласына қажетті өнім – рельс үлгілерін көпшілік назарына ұсынды. Бұл форумның мақсаты, отандық тауар өндірушілер мен оларды тұтынушылардың арасында өзара байланысты жақсарту, олардың өзара әрекетттесе отырып, жұмыс істеун күшейту, сондай-ақ, ынтымақтастыққа қатысты өзекті мәселелер бойынша бизнес ұстанымын жасау болып отыр. Ең бастысы, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан ұсынылған, «Ұлы дала елі» біртұтас қазақстандық брендін қалыптастыру, аталған шараның негізгі идеясы болып табылуда. Сөз орайы келгенде, «Ұлы дала елі» отандық тауар өндірушілердің ІІ форумы Қазақстан кәсіпкерлерін қолдауға бағытталғанын атап өтер едік. Оның жарқын көрінісін, форумға қатысушылардың сұрақтарына белді тұлғалардың жауап беріп,  В2В сипатындағы кездесулердің өтуінен байқауға болады. Форумда бизнестің табысты өркендеуіне жол ашатын ұзақмерзімді келісімшарттарға қол қойылды. Ұзақ мерзімге арналған шарттардың мәнісі сол,  өндірісті жаңғыртып, компаниялардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік туып, несиеге қолжетімділік жақсармақ, сондай-ақ, қосымша өндіріс желілері іске қосылады. «Ұлы дала елі» брендін қолдану құқығы жыл сайын, Қазақстан брендін халықаралық ауқымда алға жылжытуға ден қойған, үздік отандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерге табысталатын болады. Демек, бұл шара ірі, орта және шағын бизнес өкілдеріне сапалы өнімдер мен қызметтерді «Ұлы дала елі»  бренді аясында біріктіруге, ел абыройын асқақтатуға мүмкіндік береді. Бір жағынан бұл, жеңімпаздарға қосымша мүмкіндіктер мен жеңілдіктер ұсынылатынын ескерсек, тауар өндірушілерге қозғау салып, ынталандырады, екінші жағынан, Қазақстанның халықаралық ортадағы беделін өсіре түседі.

Ислам ТАЛҒАТ, Кемел МАРАТ, Астана

Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?