Райхан Рахметова
Дәстүрлі форум шымылдығын түреді
Оқуға 2 мин
Жаһандық мәселелерді талқылауға және шешуге арналған жыл сайынғы сұхбат алаңы – Астана экономикалық форумы биыл 24-26 мамыр күндері 9-шы рет өткізілгелі отыр. Әлемдік көшбасшылардың, халықаралық сарапшылардың, ғалымдардың, саяси және қоғам қайраткерлерінің, түрлі қаржы институттары мен бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің басын қосатын шараға «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин де қатысады.
Биылғы форумның тақырыбы – «Жаңа экономикалық ақиқат: әртараптандыру, инновациялар және білім экономикасы» деп аталады. Соның аясында әлемдік экономиканы дамытудың негізгі үрдістері мен сын-тегеуріндері, сонымен қатар, жаңа экономикалық ақиқат дәуірінде ұзақ мерзімді экономикалық өсумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланбақ.
Еліміз ДСҰ-ның толыққанды мүшесі болып, ЭЫДҰ-на және әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуге нақты қадамдар жасауда. Аймақтық және шетелдік инвесторлар үшін «ҚазМұнай Газ», «Қазақтелеком», «Қазақстан темір жолы», «Промазать» және «Самұрық Энерго» компаниялары арқылы экономиканың негізгі секторына енуге зор мүмкіндіктер ашылуда. Ертең басталатын қазақстандық форумда сол процесті тәжірибеде жүзеге асыру және ағымдағы жағдай туралы жан-жақты мәліметтер берілмек.
Сонымен қатар форумның үшінші күнінде өткізілетін ең негізгі шаралардың бірі – Ұлы Жібек жолы елдерінің Форумы. Оның аясында болашақта елдің бар аймағының даму траекториясын белгілейтін тарихи Ұлы Жібек жолының бойында жатқан елдердің өзара ынтымақтастығындағы ең өзекті мәселелер талқыланбақ. «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшысы шараның осы Форумына қатысып, тақырып аясында баяндама жасап, бірқатар екі жақты келісімдерге қол қойылады деп күтілуде. Күн тәртібінде сондай-ақ Еуразия дамуының Ұлы Жібек жолы экономикалық белдеуі мен Еуразиялық экономикалық бірігу бойынша екі геосаяси жобасының тоғысу перспективалары және мәселелері қаралмақ.