Жолшылар үшін мазасыз маусым келді

Жаңалықтар
22.11.2016, 17:17
      Қарашадан бастап қыс түскен еліміздің көптеген өңірлері бүгінде қармен күрес науқанына кірісіп кетті.  Бір аптада бір айға жететін қар түскен Астана станциясы – тоғыз жолдың торабы болғандықтан ондағы пойыздар қозғалысының тоқтамауы және қауіпсіздігін басты назарда ұстау – теміржолшылар үшін басты міндет. Бас қаланың теміржолына жауапты Ірілендірілген жол дистанциясының жолшылары -30 градус үскірік аязға қарамастан жол бойында, станциялар мен перегондарда, жолды, бағыттама бұрмаларын  тазартып жүр. Астана станциясы тақ алқымындағы жолда 20 жылдық тәжірибесі бар аға жолшы Құмар Төкенов бастаған №4 телім жұмысшылары жұмыс істеуде. Қозғалысқа ең басты кедергі келтіретін бағыттама бұрмаларының араларына кіріп қата бастаған қарды тазалау – алдымен қолға алынатын шаруа. Олардың айтуынша, жұмыс екі түрлі жолмен жүргізіледі. Қолмен және автоматикалық. Қолмен күректер арқылы тазаласа, автоматикалық жолмен арнайы үрмелі шланг көмегімен рельс аралықтарының қарын үрлеп кетіреді. Автоматикалық тазалау бойынша жолшылардың бірі шлангқа ие болса, екіншісі, арнайы оқытылған белгі беруші қолына қызыл жалау алып, келе жатқан пойыздарды ескертіп тұрады. Бұдан басқа жолшылар жолдың қарын сыпырғымен сыпырып, күреп, алдымен бұрмаларды, сосын рельстің ұзына бойын және соңында жолдар аралығын қардан тазалап отырады. Бүгінгі ауысымдағы жолшылар кешкі алтыға дейін жұмыс істеп, алтыдан тоғызға дейін жауапты адам аяқ асты тосын жайлар болып қалған жағдайларды қадағалау үшін қалса, кешкі тоғыздан таңға дейін екінші бригада келіп, тура осы жұмыстарды жасайды. Жұмысшылар керекті арнайы жұмыс киімдерімен, үсікке қарса майлармен уақытылы қамтамасыз етілген. Біздің №4 телімде жалпы 40-тан астам адам еңбек етеді, олар 6 бригадаға бөлінген. Мына сіз көріп тұрған жолшылар соның ішінде 6 және 12-ші аудандарға жауапты №4 бригада жолшылары. Түнде және тосын жағдай болғанда қосымша жұмысқа шыққаны үшін бәріне айлығына үстемақы төленеді, – дейді дистанция технигі Әлібек Мұстафин. Сала мамандары жазда күн ыссыда рельстер арасы жақындап, ісініп, қыста қатты суықтан олардың арасы алшақтайтынын айтады. Жолшылар соны реттеп отыруы керек.  Теміржол бойын, рельс аралықтарын қардан тазалап келе жатып жолшылар өздерінің басты қызметтерін де қоса атқарып, яғни, рельстердің шпалдармен біріккен тұсындағы болттарын қатайту жұмыстарын да жүргізіп отырады. Жолшылардың алды 20-25 жылдық тәжірибелері барлар болса, ең жастары жұмысқа келгендеріне 2-3 ай болған алғашқы қыстаушылар. Қызмет көрсету аумағы аса үлкен дистанцияда жолшылар 7 телімге бөлініп, жолдың барлық бөлігіндегі қарды күн-түн демей, демалысқа қарамай ауысыммен тазалап, күнделікті жұмыстарын да жүргізуді де қатар алып келеді. Қозғалыс қауіпсіздігі сенімді қолда болғандықтан Елордаға келіп-кетіп жатқан алыс-жақын жерлерге аттанатын темір тұлпарлар толассыз қозғалысын жалғастыруда. Ал солтүстіктің табиғаты тосын мінезге толы екені ескеріліп, алда мұнан да бетер қарлы боран болған кезге арнайы қар жинайтын және тазалайтын техникалар жол дистанциясы аумағында қатар тізіліп, өз қызметін көрсетуге дайын тұр.  

Райхан РАХМЕТОВА, Астана

Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?