Қауіпсіздік қызметі жетілдірілуде
Жаңалықтар
22.11.2016, 17:28
Теміржолшылар он айдың жұмысын қорытындылап, қатал маусымның қатаң сынағынан сүрінбей шығу үшін дайындық жұмыстарын пысықтауда. Десек те, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі сақтауда көрсеткіш көңіл көншітерлік емес. Биыл «ҚТЖ» ҰК» АҚ кәсіпорындары тарапынан қозғалыс қауіпсіздігін бұзған 284 оқиға болып, ол өткен жылға қарағанда 4 оқиғаға артқан.
Өндірістік қауіпсіздік және экология департаменті алға тартқан деректерге сүйенсек, әсіресе, ақау оқиғаларының басым бөлігі мен өсімі байқалған бөлімшелер қатарында Алматы көш бастап, оның соңынан Ақмола, Қарағанды, Шымкент, Орал, Қостанай, Жамбыл, Қызылорда ілескен. Ал Атыраудан басқа бөлімшелерде бір-бірден ақау жіберілген.
Департамент директоры Ақболат Жағыпаров қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына байланысты тәртіптің күшейтіліп, жауапкершіліктің қатаңдатылғанын айтады. Жұмыста ақау жібергені үшін тәртіптік жауапкершілікке 47 адам тартылыпты. Соның ішінде, желілік деңгейде 6 адамға сөгіс, аймақтық деңгейдегі 1 адаммен еңбек шарты бұзылып, 7 адамға қатаң, ал 8 адамға жай сөгіс жарияланса, линиялық деңгейде 12 адам жұмыстан босатылып, 11-і қатаң сөгіс, 2 адам жай сөгіс алған. Сондай-ақ, ревизорлық аппарат өткізген селекторлық жиналыс нәтижесінде, 11 салалық ревизор тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Департамент мамандары, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына бірінші кезекте, әдеттегідей, адам факторының ықпал етіп отырғанын, бұдан кейін техникалық құралдардың істен шығуын, сонымен қатар кәсіпорындардың техникалық құралдармен жарақтандырылуы мен автоматтандырылу деңгейінің жеткіліксіз болып отырғанын айтады.
Әлбетте, Компания бойынша қозғалыс қауіпсіздігінің әрмен қарай қамтамасыз етілуі үшін барлық басшыларға нақты міндеттер қойылған. Яғни, еңбеккерлерге сапалы техникалық оқулар ұйымдастыру, кадр таңдау барысында тамыр-таныстықты қойып, біліктілік талаптарын сақтау, жұмысына қарай, лайықты бағасын беріп, жұмыскерлерді ынталандырып отыру, сонымен қатар, нормативті базаны заңнамалар мен техпроцестер талаптарына сәйкестендіру және де бас инженерлердің нормативті қамтамасыз ету және техникалық оқытуды ұйымдастыру мәселелерінде рөлдерін көтеру тағысын тағылар.
Жергілікті жерлерде техпроцестерді нормативті-техникалық қамтамасыз ету және техникалық оқуларды ұйымдастыру мәселесінде, Компания бойынша нақты түзілген техникалық саясат жоқ. Бүгінде осы жағынан корпоративтік және төмен тұрған басқару деңгейлері арасында аражіктің бары байқалады, бас инженерлер институтінің рөлі төмен. Ал бұл өз кезегінде, корпоративтік орталықтан нормативті қамтамасыз ету мен техникалық оқыту мәселелерін үйлестіруді және техникалық саясатты әзірлеудің қажеттілігін туындатып отыр, – деген Ақболат Ландышұлы, персоналдың техникалық оқуын ұйымдастыру басқарудың барлық вертикалы бойынша қамтамасыз етілуі тиіс деп есептейді.
Басқарудың барлық вертикалы бойынша біртұтас тәсілдемені қамтамасыз ету үшін және қозғалыс қауіпсіздігін басқару тиімділігін арттыру үшін желілік деңгейдегі қауіпсіздік қызметтері өз міндеттеріне сәйкестендірілді. Аймақтық деңгейде, яғни барлық жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшелерінде бұрын болмаған, қозғалыс қауіпсіздігі бөлімдері ашылып, қозғалыс қауіпсіздігі бойынша мамандар алынды. Қазір штаттық кестеге енгізіліп, еңбек ақы алатын 311 адам жұмыс істеуде. Олардың жұмысын ұйымдастыру үшін аталмыш департамент тарапынан бір үлгідегі ереже жасалып, желілік деңгейдегі қауіпсіздік жөніндегі мамандарға арналған нұсқаулықтар бөлімшелерге жіберілген.
Осылайша, қозғалыс қауіпсіздігінің қызмет құрылымы Компанияның барлық шаруашылығы бойынша басқарудың бүкіл вертикалын қамтып отыр, бұл өз кезегінде, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде бақылаулар мен үйлестірулерді, біртұтас тәсілдемелерді, шапшаңдықты қамтамасыз етуі тиіс, – деп түйіндейді сөзін департамент жетекшісі.
Сұлугүл БАКЕСОВА, Астана
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
22.07.2026
Жас теміржолшылар Абай еліне рухани саяхат жасады
Әлемде
22.07.2026
Ауғанстанның Пәкістан арқылы өтетін транзиттік саудасы күрт қысқарды
Әлемде
22.07.2026
Өзбекстанда «Ташкент – Хиуа» бағыты бойынша қосымша жүрдек пойыз іске қосылады
Жолаушылар тасымалы
22.07.2026
Елімізде жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жалғасуда
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ қызметкерлеріне арналған барлық сервис енді бір платформада
Инфрақұрылым
21.07.2026
Ақтөбе облысында вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Спорт
21.07.2026
Теміржолшы Эльбрус шыңында ҚТЖ туын көтерді
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы Алматыда өрт сөндіруге қатысты
Қауіпсіздік
21.07.2026
Теміржол өткелдерінде профилактикалық рейдтер жалғасуда
Сұхбат
21.07.2026
Теміржол тарихындағы ең ірі жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда
Әлеумет
21.07.2026
ҚТЖ атынан хабарласатын телефон алаяқтары көбейді
Жаңалықтар
21.07.2026
Еліміздің вокзалдарында кедергісіз орта қалыптасуда
Цифрландыру
21.07.2026
Ақтөбе теміржолы цифрландырудың жаңа деңгейіне өтуде
Инфрақұрылым
21.07.2026
ҚТЖ жыл басынан бері темір жолдың 686 шақырымын жаңартты
Жаңалықтар / Мұрағат
21.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №55 21 шілде 2026 жыл
Аймақтар
20.07.2026
ҚТЖ компаниядағы мемлекеттік тілдің үлесін 92 пайызға жеткізуді көздеп отыр
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
№81/82 «Нұрлы жол – Орал» Тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады
Инфрақұрылым
20.07.2026
ҚТЖ Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысын жеделдетеді
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ISO халықаралық төрт стандарты бойынша сертификаттарға ие болды