Пекин сапары: ынтымақтастық дамуы жаңа көкжиекте
Жаңалықтар
29.11.2016, 11:37
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «CRRC Corporation Limited» корпорациясы Пекинде көліктік машина жасау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің Қытайға іс сапары шеңберінде «ҚТЖ» ұлттық компаниясының басшысы Қанат Алпысбаев Сяньян қаласының басшылығымен, сонымен қатар қытайлық ірі компаниялар өкілдерімен «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА біріккен жобаларын жүзеге асыру жайын талқылады. Кездесуде Қанат Алпысбаев Арнайы экономикалық аймақта шетелдік инвесторлар үшін барлық керекті жағдай жасалғанын, атап айтқанда, салықтық жеңілдіктер қарастырылғанын, дайын инфрақұрылым, жобаларды қолдау қызметтері бар екенін жеткізді.
Сондай-ақ, кедесулерде маңызды деген мәселелер, атап айтқанда, Ляньюньган порты арқылы жүк тасымалдаудағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру, соның ішінде жүктердің транзиттік тасымалына ыңғайлы тариф саясатын жүргізу мәселелері талқыға түсті. Биыл ортақ терминал 200 мыңнан астам контейнер ДФЭ, яғни 20 футтық эквивалентте жүк ауыстырып тиеуді, ал 2020 жылға таман 550 мыңға дейінгі ДФЭ контейнер өңдеуді жоспарлап отыр.
Ортақ терминалдың алдағы дамуы бойынша Ляньюньган портының ШЫҰ логистикалық аймағында терминалдық қуаттарды жасау қарастырылуда. Бұл жүктердің біріктірілген күшін 2020 жылға таяу 2,2 млн контейнер ДФЭ-ге арттыруды қамтамасыз етеді.
Пекинде «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен қытайлық мемлекеттік темір жол корпорациясы «CRRC Corporation Limited» арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Аталған меморандум қаржылық мүмкіндіктермен байланысты қажеттіліктерді біріктіру шеңберінде көліктік машина жасау саласындағы қазақстандық топ пен Қазақстанда кепілдемелік өткізгіштігі жылына 650 мыңнан астам тонна көлік құю мүмкіндігі бар құрыш құю өндірісін ашу үшін қытайлық инвесторлардың технологиялық құзыреттілігімен байланысты бірлескен ынтымақтастығын қарастырады.
Осылайша, Қазақстанның көліктік машина жасау саласына ірі қытай инвесторын тарту бойынша нәтижеге қол жеткізілді.
CRRC Corporation Limited (CRRC) корпорациясы көліктік машина жасау бойынша әлемдік көшбасшы болып табылады. Оның құрамына локомотив, жүк және жолаушылар вагондары, тартқыш электр желі мен локомотивке арналған трансформатор өндіретін 46 ірі зауыт кіреді, сонымен бірге әлемнің 100-ге жуық елінде басқару жүйесі бар.
Екі ел арасындағы индустриалды-инвестициялық ынтымақтастық аясында индустрия, инновация, көлік және логистикаға қатысты 52 бірлескен ауқымды жобаны жүзеге асыру қарастырылуда. Көліктік-логистикалық саладағы өзара әрекеттестіктің тиімділігі Ляньюньган портындағы бірлескен қазақстан-қытай терминалы қызметі мен «Қорғас –Шығыс қақпасы» АЭА көліктік-логистикалық хабы және «Қорғас» ХШЫО дамуынан көрінбек.
2015 жылдың қорытындысы бойынша Қытайдан Еуропа бағытындағы және керісінше де контейнерлік тасымал көлемі 40 есеге артқан. Биыл сол көрсеткіш тағы екі есе артады деп күтілуде. Ал 2020 жылға таман контейнерлік тасымал көлемін 800 мың ДФЭ-ге жеткізу жоспарлануда.
А. Маминнің айтуынша, ірі ауқымды «Нұрлы жол» және «Жібек жолы экономикалық белдеу» бағдарламаларын жүзеге асыру барысындағы бірлескен жұмыстар көлік пен логистика саласында жаңа қызметтер мен өнімдердің пайда болуына, экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік ашпақ.
Өз кезегінде ҚХР мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Ч. Гаоли «Екі ел басшыларының болашақта стратегиялық әріптестіктің барлық спектрі бойынша өзара ынтымақтастығын нығайтудағы бастамаларының сәтті жүзеге асып жатқанын» атап айтты.
Осы сапар кезінде алдағы уақытта сауда-экономикалық байланыстар мен кәсіпкерлік қызметті дамыту, шарттық-құқықтық базаны жетілдіруді жандандыру үшін Қазақстан мен Қытай арасындағы аймақаралық ынтымақтастық Форумын өткізу маңыздылығы айтылды. А. Мамин алғашқы сондай Форумды 2017 жылы Қазақстанда өткізуге ұсыныс білдірді.
Ұлан Ораз, Астана
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?