- Халықаралық теміржол жүк хабарламасы келісіміне сәйкес, вагонның техникалық талаптарға сай болу керек; 2. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бекіткен көлем эскизі, оны тиеу нұсқамасы бар болуы керек; 3. Қауіпсіздік техникасы бойынша оқыту өткізіліп тұруы тиіс.
Өзара келісімге келді
Оқуға 2 мин
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Шымкент темір жолына қарасты Мақтарал станциясында екі аптадан бері тұрып калған мақта тиелген жүк вагондарына қатысты дау шешілді.
Осы мәселе бойынша Қазақ мақта қауымдастығы Кәсіпкерлер палатасына шағымданып, Мақтаарал бекетінде тұрып қалған 4 мың тонна жүгі бар вагондар проблемасын шешіп беруді сұраған. Бекет қызметкерлері бәріне басшылық жауап береді деп, мәселеге қатысты мардымды ештеңе айтпаған.
ОҚО Кәсіпкерлер палатасы дереу «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Шымкент бөлімшесі басшылары мен жүк қожайындары болып саналатын мақта компаниялары өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізген. Онда, Қазақстанда бүгінгі таңда мақта талшықтарын сақтау, тасымалдау, таңбалау және қаптау бойынша мемлекеттік стандарттың жоқ екені белгілі болды. Осыған орай, бүгінге дейін КСРО Мемлекеттік комитетінің 1986 жылғы мемлекеттік стандартына сүйеніп келген. Ал, ол өз кезегінде, өзінің заңды күшін жойған.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Шымкент бөлімшесі басшылары, егер компания келесі талаптарды орындаса, вагондарды жөнелтуге рұқсат беретіндіктерін жеткізді: