Жастар форумы жалауын көтерді
Жаңалықтар
06.12.2016, 16:08
Кеше «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ғимаратында дәстүрлі Республикалық жастар форумы өз жұмысын бастады. Саланың 300-ге жуық жас мамандарының басын қосқан VII жастар форумы биыл тұңғыш Президент күніне орай желтоқсанның 4-і мен 9-ы аралығында ұйымдастырылып отыр.
Жастардың бірегей бастамалары мен қабілеттерін танытуға, жан-жақты білім мен тәжірибе жинақтауына бағытталған жыл сайынғы Форум көрмелер байқауының ашылуымен басталды. Көрменің ашылу рәсімін Ұлттық компанияның корпоративті қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенті Ерік Имашев, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Өтешев, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Владислав Сергеев, ҚР Діндер ісі және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты жөніндегі департаментінің директоры Ғабидолла Оспанқұловтар жасап, әрі қарай олар Форумның спикерлері ретінде қатысты. Сарапшылар жастарды шараның салтанатты ашылуымен құттықтап, форум жұмысына сәттілік тіледі.
–Дәстүрлі жастар Форумы – мақсат-мүддесі бір арнада тоғысқан дарынды жастардың басын қосатын жиын. 7 жыл бұрын басталған идея өміршеңдігімен әлі де жалғасып келеді. Қазақстан темір жолы қашан да жастар саясатын дамытуға зор көңіл бөледі. Олардың кәсіби тұрғыда білікті болуына ерекше қолдау көрсетеді. Бұл компанияның даму стратегиясының маңызды бір бөлігі болып саналады. Бүгінгі таңда компанияда кадрлық резерв жас қызметкерлер арасынан таңдалып жасақталуда. Қоғам қызметі көліктік-логистикалық және мультимодальды тасымал бойынша да даму үстінде. Жаңа трансконтинентальды бағдарлар ашылуда. Сонымен қатар өздеріңіз білесіздер, бизнес трансформациялау бағдарламасы жүргізілуде. Осындай ауқымды жұмыстар барысында жастардың қосар үлесі зор болады деген сенім мол. Қабілет-қарымдарыңызды танытуға мол мүмкіндік туып, алдарыңызда даңғыл жол ашылуда. Компания тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауды жастар жоғары бағалап, халқына қажырлы еңбектерімен қалтқысыз қызмет етеріне сенеміз, – деді Е. Имашев.
Биылғы жылы Форумға жастар іріктелген 10 жоба аясында қатысып отыр. Соның ішінде «Жас кәсіби маман» аталымы бойынша 400-ге жуық еңбек келіп түскен болса, содан 78 үміткер ақтық сайысқа өтіп, форумның көрме байқауына қатысуда. Сонымен қатар компанияда жеті жылдан бері Менеджмент жобасы бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Оған биыл 351 жоба келіп түсті. Соның ішінде сарапшылар кеңесі таңдап алған, ең үздік деген 27 жоба биылғы форумға қатыстырылып отыр. Олар техникалық, әлеуметтік, қозғалыс қауіпсіздігі және ақпараттық бағыттағы жобалар.
Әрі қарай Форум жұмысы компанияның топ-менеджерлерімен бірге «Қазақстан темір жолының» болашағы: даму векторы» деп аталған панельді пікір-талас алаңымен басталды. Оған спикер ретінде қатысқан «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральді желі дирекциясы» филиалының техникалық саясат департаментінің директоры Темірғали Сарбасов күн тәртібінде қаралған алғашқы мәселе Магистральді желінің дамуы тақырыбы бойынша ел темір жолындағы жалпы ахуалға, жаңа темір жол желілері мен жобаларға тоқталып, кеңінен мәлімет берді. Келесі тақырып «Жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру жолдары» бойынша толыққанды баяндаманы «Жолаушылар тасымалы» АҚ сату жөніндегі атқарушы директоры Айгүл Абуталипова жасаса, үшінші мәселе көліктік-логистикалық жүйенің дамуы және «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалу барысы туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ өндірістік-техникалық даму департаментінің бас менеджері Дулат Айдынбаев баяндады. Ал төртінші мәселе Қазақстанды Еуразияның аймақтық көліктік-логистикалық хабы ретінде қалыптастыруда мультимодальды тасымалды дамыту жайында «KTZ Express» АҚ атқарушы директоры Сергей Анашкин айтып берді. Форум қатысушылары спикерлерге өз сауалдарын қойып, толыққанды жауаптар алды.
9 желтоқсанға дейін созылатын Форум сол күні түстен кейін «Жас кәсіби маман» байқауы, көшбасшылық бойынша жетекші сарапшыдан шебер класс, брейнсторминг, «Аймақтар визиткасы» деп аталатын кешкі таныстыру бағдарламасымен жалғасты. Осындай сан алуан шаралар 6,7 желтоқсанда өткізіліп, Форум жұмысы 8 желтоқсанда қорытындыланбақ. Атап айтқанда, көңілділер мен тапқырлар жарысы, бизнес-симуляциялар, тренингтер, корпоративтік ойындар, семинарлар, бизнес ойындар, сарапшылар кеңесімен кездесулер, ұрпақтар сабақтастығы кездесулері, флеш-мобтар, компания басшылығына жобаларды таныстыру сынды көптеген шаралар еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған жас теміржолшыларды Форум аясында бір бағытта жұмыс істеуге жұмылдыратын болады.
Райхан РАХМЕТОВА Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?