«Транстелеком» АҚ-ның «Ақтөбетранстелеком» филиалында көркемөнерсөз шеберлері өзара сынға түсті. Аталған шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ұйымдастырылып отыр.  «Тәуелсіздік тәу етер жалғыз киең» атты көркем сөз шеберлерінің сайысына құрылымдық бөлімшелерден жиналған қызметкерлер өлең оқуда бар өнерлерін ортаға салды. Додаға қатысушылар ел Тәуелсіздігіне, Отанға арналған танымал ақындардың өлеңдерін нақышына келтіре оқыды. 1-ші орынды жеңіп алған Ақтөбе станциясының телеграф-бригадирі Баян Базарова ақын М.Шахановтың «Желтоқсан алаңы» атты өлеңін оқып жиналған қауымды риза етті. 2-ші орын филиалдың жетекші бухгалтері Анар Унаеваға бұйырды. Ал, 3-ші орынды Шалқар станциясынан келіп қатысқан телеграфист Әлия Айболатова иеленді. Көрермендерге керемет әсер қалдырып, ерекше көңіл күй сыйлаған барлық қатысушыға филиалдың басқарушы директоры Ә.Уәли мырза алғысын білдіріп, грамоталар мен естелік сыйлықтарын ұсынды.

Бекбол Құлдан, Ақтөбе