Дәстүрлі қар сенбілігін ұйымдастырды
Жаңалықтар
08.12.2016, 10:16
Семей теміржолшылары арасында дәстүрге айналған «қысқы сенбілік» биыл жылдағыдан анағұрлым ерте басталды. Себебі, толассыз жауған қармен күрес қарашаның ортасында-ақ басталып кеткен болатын.
Қарашаның соңында өңірге екі айлық норма көлемінде ақ ұлпа түсіп үлгерді. Тіпті, пойыздан басқа көлік түрлерінің қатынасы шектеліп, станция басындағы қызметтік өткелдермен жүрудің өзі мұңға айналған еді. Туындаған жағдайға орай семейлік теміржолшылар қармен күреске бір кісідей жұмылып, қысқы сенбілік өткізді. Қарқынды шараға ЭЧ-18, ШЧ-29, ТЧЭ-24, Семей станция мен Семей жол дистанциясы қызметкерлері жаппай қатысып, аптаның екі күнін станция басын қардан тазартуға арнады. Қармен күреске ПЧ-39 мекемесінің жолшылары белсене қатысып, бұл күндері дистанцияның жүзге жуық адамы жұмыла еңбек етті.
– Қар сенбілігінің нәтижесінде станциялық жолдар толықтай тазартылды. Небәрі екі тәуліктің ішінде Семей станциясы бойынша қар тазалағаш пойыздың көмегімен ондаған вагон қар шығардық. Техниканың барлығы өзіміздікі, жұмыс күші де жеткілікті. Пойыз қозғалысында кедергі жоқ. Қазіргі күні барлық бағыттарға жол ашық, станция басындағы алты платформа толықтай ақ ұлпадан тазартылды, –дейді Семей жол дистанциясының бас инженері Мырзабек Керейбаев.
Жалпы, қармен күрес 10 қарашада басталып, қар қалың түсетін Локоть – Семей телімінде СДПМ машиналары шыға бастаған. Аймақтағы Ауыл, №41 разъезд, Белағаш, Дүйсекен сынды станциялар бойынша арнайы қар тазалағыш машиналар бекітіліп берілген. Сонымен қатар, Семейдің басында екі қар тазалағыш машина мен үш СДПМ қауырт жұмыс үстінде.
Нәтижесінде , соңғы жиырма күн ішінде 16 мың 400 куб қар шығарылып, жалпы ұзындығы 750 км жол бойы қардан тазартылған.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?