Теміржолшылар күні: ерен еңбек еленген күн

Жаңалықтар
31.07.2020, 12:03
Жыл сайын тамыз айының алғашқы жексенбісін қазақстандық теміржолшылар асыға күтеді. Себебі дәстүр бойынша бұл күні Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтеді. Бұл мерекенің ежелден тілге жатық атауы – теміржолшылар күні, ол темір жол көлігі тасымалы саласында еңбек еткен, әлі де қызмет етіп жүрген, кешегі-бүгінгі барша теміржолшыларды біріктіретін мереке. Сонымен қатар, әрине бұл күн өзін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметкерімін деп атайтын жүз мыңдаған адам үшін айрықша маңызы бар мереке, магистраль майталмандарының ерен еңбегі еленіп, мерейі үстем болатын күн. Теміржолшылар елдегі жолаушылар және жүк тасымалын қамтамасыз етсе, темір жолды дамыту жобалары бүтін бір аймақтарды қалыптастырудың драйвері десек болады. Биылғы жылдың алғашқы жартысы бар әлем үшін жаңа сын-қатер төнген ауыр кезеңмен есте қалды. Яғни, коронавирус инфекциясының пандемиясы жер бетінде тарады. Соған қарамастан теміржолшылардың жанкешті еңбегі мен жаңа жағдайда жұмыс істеуге дайын болуы жұмыс сапасы мен көлемін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Олар тағы да темір жол саласы кез келген қиындықты еңсере алатындарын істерімен дәлелдеді. Теміржолшылар күні қарсаңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның мыңдаған қызметкерлері кәсібилігі, ең бір сындарлы сәтте оңтайлы шешімдер тауып, оны тиімді жүзеге асыруға дайын бола білгені үшін биыл да кәсіби саладағы дәстүрлі марапаттарға ұсынылды. Темір жол қай уақытта да мемлекеттің шаруашылық және өндірістік дамуында экономикалық және сауда байланыстарын кеңейтудегі негізгі саласы болып қала береді. Ал осы салада қызмет ететін еңбеккерлер қоғамда зор сый-құрметке ие. Сонымен, биыл ҚТЖ компаниялар тобының 1076 қызметкері түрлі марапаттарға ұсынылды. Олардың ішінде көлік кешенін дамытуға қосқан адал еңбегі мен үлесі үшін «Құрметті теміржолшы» жоғары салалық белгісімен компанияның барлық филиалдары бойынша 55 қызметкер марапатталды. Ал «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен 166 адам, «Кәсібі бойынша үздік» марапатымен 109 теміржолшы марапатталды. Соған қоса тағы 115 адам «Үздік маман» атағына, 266 қызметкер Компания басқармасы атынан Құрмет грамоталарына және 364 адам Алғыс хаттарға ие болды. Айта кетейік, темір жол қызметкерлерін кәсіби ерекшелігі белгісімен марапаттау қағидасы бойынша саладағы ең үлкен марапаттардың бірі – «Құрметті теміржолшы» төсбелгісінің тарихына биыл 87 жыл. Мәртебелі марапатпен темір жол көлігі қызметін жетілдіру мен дамытуға, еңбекте және ғылыми және техникалық шешімдерді енгізуге, прогрессивті технологияларда, сондай-ақ сеніп тапсырылған мүлік және жүк, багаж сақтау, жолаушылар өмірін, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты жігерлі іс-әрекеттерімен ең жоғарғы нәтижелерге қол жеткізген темір жол көлігінің қызметкерлері марапатталады. Еңбекқорлық, жауапкершілік және адалдық – бұл әрбір теміржолшының бойынан табылатын қасиеттер. Бүгінгі күні марапатқа ие болып отырған әрбір теміржолшы оған лайық!
Жүк тасымалы
28.07.2026
Екібастұздан Ұлыбританияға: ҚТЖ қазақстандық тыңайтқыштарға жаңа экспорттық маршрут ашты
Жаңалықтар
28.07.2026
ҚТЖ локомотив паркін жоспарлы түрде жаңартуда
Аймақтар
28.07.2026
Маңғыстау станциясында «Қауіпсіз теміржол өткелі» акциясы өтті
ҚТЖ келбеті
28.07.2026
Шулық теміржолшылар апаттың алдын алды
Әлеумет
28.07.2026
«Үміт» пойызы іске қосылды
Қауіпсіздік
28.07.2026
Ақтөбеде теміржол өткеліндегі қауіпсіздік мәдениеті тексерілді
Аймақтар
28.07.2026
Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінде екі автотрансформатор пункті салынды
Қауіпсіздік
28.07.2026
Заң мен тәртіп: Болашақ жүргізушілерге теміржол өткеліндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Қауіпсіздік
28.07.2026
Қарапайым ережені сақтайық
Жолаушылар тасымалы
28.07.2026
Пойыздағы санитарлық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі?
Спорт
28.07.2026
Бас жүлдегер – «Теміржол қалқаны»
Жаңалықтар / Мұрағат
28.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №57 28 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
27.07.2026
ҚТЖ төтенше жағдайларға дайындықты және өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтті
Аймақтар
27.07.2026
Табиғат аясындағы семинар-тренинг
Аймақтар
27.07.2026
Сарыбел вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Әлемде
27.07.2026
Alstom компаниясы Франциядағы IPCEI сутегі жобаларын тоқтататынын хабарлады
Аймақтар
27.07.2026
Құрғақ порт пен логистикалық парк құрылысы басталды
Жаңалықтар
27.07.2026
Миллионыншы контейнер Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары бойынша жөнелтілді
Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті