Тағы да тәртіп мәселесін көтерді

Жаңалықтар
25.05.2016, 18:33
Шымкент вокзалында  «Темір жол – темірдей тәртіп» акциясын өткізген  Шымкент станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасының өкілдері тағы да тәртіп мәселесін сөз етті. Тәртіп сақшылары алдымен перронда сапарға шыққалы тұрған жолаушылардың жанына келіп, жылжымалы құрамның қасында сақ жүруге, қол сөмкелеріне мұқият болуға шақырды. Сонымен қатар, қоғамдық орында тек көрсетілген жерде ғана темекі шегуге, керексіз затты тастап ластамауды ескертіп, тәртіп бұзған жағдайда шара қолданылатынын түсіндіре келе, қауіпсіздік ережесі жазылған 40 шақты парақшаны таратты. –  Ұсақ ұрлықпен айналысу, қоғамдық орындарда тазалықты сақтамау, телефон ұрлау, белгіленбеген жерде сауда-саттық жасау, ішімдік ішіп жүру немесе көрсетілмеген жерде темекі шегу «Мүлдем төзбеушілік» қағидасына кіреді. Осындай жағдайға жол бергендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жыл басынан бері 4-5 рет қоғамдық орындарда тәртіп орнауын қадағалау мақсатында рейд  жүргіздік. Жолаушылар мен жергілікті тұрғын аталған ережеге бағынып жүрсе қылмыс мен заң бұзушылық деңгейі төмендер еді, – дейді олар. Жолаушыларды айналаны таза ұстауға  үндеген тәртіп сақшылары осы кезді пайдаланып, үлкендерге темір жолда ұл-қыздарының құлақтарына құлаққап тағып жүрмеуін қадағалауды сұранды. Құлаққаптың кесірінен жыл басында бір жас қыздың өлім құшқанын да мысал етті. Одан бөлек, пойыздың терезелерін сындырып, тас лақтырған бұзықтардың ата-анасына айыппұл салынатынын ескерте кетті.  Бір топ тәртіп сақшылары күндізгі сағат 12.45-те Шымкент вокзалына келген Алматы – Маңғышлақ пойызынан түскен жолаушыларға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, әр бекетке аялдағанда ұялы телефондары мен  заттарына абай болуды ескертті.

Бекәли АЛТЫН,  Шымкент

Жүк тасымалы
13.03.2026
Жаһандық желінің маңызды буыны
Инфрақұрылым
13.03.2026
Назарда тұрған нысандар
Жүк тасымалы
13.03.2026
Семейдегі жүк тасымалы мен логистиканы дамыту шаралары
Қауіпсіздік
13.03.2026
Шымкентте теміржол бойындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
13.03.2026
Теміржолшылар таңдау жасайды
Жаңалықтар
13.03.2026
Теміржолшылар қан тапсырды
Аймақтар
13.03.2026
Ғибратты ғұмыр иесі
Жаңалықтар / Мұрағат
13.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №19 13 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
12.03.2026
Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жаңа техника табысталды
Жаңалықтар
12.03.2026
Жолаушылар үшін жаңа бағыттар ашылып, вагондар паркі жаңартылып жатыр – Тоқаев
Жолаушылар тасымалы
12.03.2026
ҚТЖ төтенше ауа райы жағдайында пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуде
Жолаушылар тасымалы
12.03.2026
ҚТЖ тас жолдардың жабылуына байланысты 390 жолаушыны пойызбен жеткізді
Әлемде
12.03.2026
Дрондар теміржол жұмысын өзгертуде
Әлемде
11.03.2026
Әлемдегі ең жүйрік CR450 пойызы 453 км/сағ жылдамдықты еңсерді
Аймақтар
11.03.2026
Жамбылда теміржолшы арулар марапатталды
Жаңалықтар
11.03.2026
Елімізде теміржол вокзалдарын модернизациялау жұмыстары жалғасуда
ҚТЖ келбеті
11.03.2026
Атыраулық теміржолшы «Құрмет» орденімен марапатталды
Аймақтар
11.03.2026
Жамбыл филиалының еңбекқор арулары
Жаңалықтар
11.03.2026
Теміржол алпауыттары Сочиде бас қосты
Аймақтар
11.03.2026
Қызылордалық теміржолшылар нәзік жандарға құрмет көрсетті