Сержант Сердюков

Жаңалықтар
07.05.2021, 11:01
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ұлы Отан соғысының ардагері, бұрынғы теміржолшы Василий Сердюков биыл 95 жасқа толады. 1943 жылы Ақмоланың Сталин ауданы Богдановка елді мекенінен немере ағасы екеуі майданға аттанғанда ол небары 17 жаста еді. Мектеп бітіргесін авиациялық училищеге түсіп ұшқыш болсам деген бозбаланың арманы орындалмады. Тосыннан соғыс басталып, бауыры екеуі Шортанды аудандық военкоматына шақырту алады. 9-сыныптан соң жүргізуші куәлігін алып үлгерген оларды Саратов облысы Хвалынск қаласының автополкына оқуға жібереді. Оны бітірген соң сержант атағын алып, ағасы екеуі Белоруссиядағы артиллериялық әскери бөлімшенің 26- ауыр минометтік бригадасына түседі. Ол жерде «Studebaker» америкалық машиналарымен 160 миллиметрлік минометті тасиды. Бұл миномет майданда 1943 жылдың басында ғана пайда болған. Соғыста жас та болса «сержант Сердюков» атанған жауынгер осындай қа- уіпті де қатерлі тапсырмаларды жиі орындайтын. Кескілескен шайқастардың бірінде тетелес өскен туысы, қасындағы қандыкөйлек жауынгер ағасы мерт болады. – Минскіні, Варшаваны азат етуге қатысып, Висла, Одра, Шпрее өзендерінен өттік. Ең ауыр шайқас Берлин түбінде, қаладан 75 км қашықтықтағы Зеелов шыңдарында болды. Зеелов шыңдарында бірнеше күннің ішінде 35 мың сол- дат қаза тапты. Ұрыстан соң ағамның машинасын басқа біреу жүргізіп келе жатқанын көрдім, маған жақындап келіп атымды атады да, ағамның қаза болғанын айтты. «Ол қайда?» десем, «Жүк салғышта» дейді. Жүк салғышқа қарасам ағам және жаралы үш солдат жа- тыр. Жүргізуші менің ағамды госпитальға жақын орналасқан бауырластар бейітіне апаруға бұйрық алыпты. Жанымның бір бөлшегі үзіліп түскендей болды, – дейді әлі күнге сол оқиғаны көзіне жас алмай айта алмайтын қарт көзі жасаурап... Майдангер үшін қанды шайқас 1945 жылы 2 мамыр күні Рейхстаг қабырғасында аяқталды. 1946 жылға дейін Германияның әскери бөлімшесінде қызмет атқарған. Әскери қызметтен босаған соң Василий Антонович Астанадан 75 шақырым жердегі Жолымбет кенішінде жүргізуші болып жұмыс істеп, сол жерде үзіліп қалған оқуын жалғастырып, 10-сыныпты аяқтайды. Новосибирск темір жол көлігі инженерлері институтына оқуға түсіп, оны бітірген соң Қарағанды темір жолындағы Бурабай бөлімшесіне жолдама алады. 1961 жылы Целиноградқа ауысып, станция бастығының орынбасары және станция бастығы болып қызмет атқарды. Алайда, уақыт өте соғыс салған жара сыр беріп, Василий Антонович денсау- лық жағдайына байланысты салаға кадр дайындау ісіне ден қойып, теміржол мектебіне ауысады. Сол жерден 1990 жылы зейнетке шығады. Бүгінде Ұлы Отан соғысы- ның ардагері Василий Сердюков Нұр-Сұлтан қаласында тұра- ды. Ғасырға жасы жуықтаған қария қазір, өкінішке қарай, жалғыз тұрады. Жұбайы қайтыс болған. Балалары жоқ. Мем- лекет тарапынан емханадан күтушілер, ем-домын жүргізіп кететін медбикелер бөлінген.

Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Инфрақұрылым
26.08.2026
Қазақстанның транзиттік жолдары жаңа мүмкіндіктерге жол ашты
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды