Мәреге жақындады

Жаңалықтар
12.12.2016, 16:38
Қарашаның басында Астанадан шыққан «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы  желтоқсанның алғашқы күндері Түлкібас, Түркістан өңірлерінде болды. 16 желтоқсан күні Тәуелсіздіктің алтын бесігі Алматыға атбасын тірейтін пойыз мәреге жетуге жақын. Түлкібастықтар мерекелік құрамды қарсы алуға таң азанымен жиналды.  Облыс әкімдігі мен Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің басшыларынан бастап, аудандағы білім мәдениет саласының бірқатар азаматтары көк байрақты көтеріп, делегация мүшелерін ерекше ықыласпен қарсы алды.  Бұл күні 25-ші аялдамасын жасаған  «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының ұжымы жолға шыққалы 7 мыңнан астам тұрғынға құқықтық кеңес берсе, 9 мыңнан аса науқасқа көмек көрсеткен. 110 мың халқы бар өңірдегі аудандық ауруханада бір мезетте 70 тәжірибелі маман тұрғындарға тегін медициналық кеңес көрсеткен. Алматылық дәрігер-эндокринолог Лаура Маратқызының айтуынша, денсаулығын қаратуға келгендердің арасында қант диабетімен ауыратындар мен қалқанша безіне шалдыққандар көбірек кездесіпті.   –Қазір адамдардың көпшілігі тез дайындалатын фастфуд өнімдерін қолдануды әдетке айналдырған. Соның әсерінен артық салмақ қосылып, шектен тыс семіздікке ұшырап жатыр.  Осының себебінен қант диабеті көбеюде. Сонымен қатар күйзеліс, эмиционалды жағдай да бұл аурудың өршуіне әкеп соғады, – дейді ол. Тәуелсіздіктің  25 жылдығына арналған акция аясында ел аралап жүрген делегация мүшелері, атап айтқанда түрлі министрліктен келген мамандар өз саласына орай әлеуметтік, құқықтық, медициналық, ауыл шаруашылығы, білім саласындағы  мәселелер бойынша бөлініп, жергілікті халықпен жолықты. Түс ауа қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.  – Биыл тұрғындар жеке басының сұрақтарынан бұрын, халықтық мәселені жиі көтергенін байқадым. Зейнеткерлер де белсенділік танытуда. Жер телімдерін алу мен жер қатынастары туралы заңға толықтырулар енгізілсе деген өтініштер  көп қойылды. Екіншіден, ІІІ топтағы мүгедек жандар өздерінің мүмкіншілігін ІІ, І топтағы мүгедек адамдармен теңесе дейді. Себебі, бірінші, екінші топтағыларға үй алу, немесе басқада жеңілдіктер берілген. Үшінші топтағылардың ондай мүмкіншілігі жоқ. Әрі кемтарлығына орай кейбір жерлерде жұмысқа алмайды екен. Сондай-ақ, маңғыстаулық бір ауылдың тұрғындары ауыз судан тапшылық көріп отырғандарын айтты. Осы сапар барасында 7 мыңнан аса адамды жеке мәселесімен қабылдап, соның 6,5 мыңының тірлігін жергілікті әкімдікпен бірлесіп шештік. Бізбен бірге 7 министрліктің өкілдері келеді. Халық тарапынан қойылған сұрақтарды Қазақстан халқы Ассамблеясынан келген өкілдер тізімдеп, Президент әкімшілігіне жеткізуде. Сол арқылы бұл мәселе Үкімет пен  министрліктерге түседі. Ауыл тұрғындары балалар дәрігерінің азайып кеткеніне шағым айтуда. Кейбір шағын елді мекендерде халық саны 500 адамнан кем болса, тек медбике ғана бекітіледі екен. Аудан немесе қалаға бару үшін жол алыс. Біз шағын ауылдарда дәрігерлердің болуын жергілікті әкімдік пен министрлердің алдына қойып отырмыз. Жалпы осындай көпсалалы мақсаты бар жылжымалы құрамның ел аумағын аралағанына тоғызыншы жылға толды. Халықтың бұл пойызға сенімі артып келеді, – дейді «Тәуелсіз Қазақстан»  пойызының штаб бастығы  Әміржан Әлпейісов.

Динар МЕЙІРМАН, Түлкібас

Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?