Рельс зауыты: бір жылдан соң толық қуатына көшеді
Жаңалықтар
12.12.2016, 17:09
Ақтөбе рельсарқалық зауыты толық қуаттылыққа 2018 жылы шығады. Бұл туралы «АРАЗ» ЖШС директоры Андрей Кузьмин хабарлады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда рельсарқалық зауытының өнімдері ҚР Ұлттық стандартымен қатар, Ресей Федерациясының Ұлттық стандарт талаптарына сай жұмыс жасап келеді.
Жуырда Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Ақтөбе рельсарқалық зауыты активімен кездесіп, өндірістік кеңес өткізген болатын. Қанат Алпысбаев компанияның рельс өніміне сұранысын қанағаттандыру мәселесіне назар аударып, қажетті материалды дер кезінде жеткізу жайына тоқталды.
Бүгінгі таңда Ақтөбе рельсарқалық зауытының өнімдері ҚТЖ кәсіпорындарының қажеттіліктерін қамтамасыз етуде. Сонымен қатар, көршілес Өзбекстанға да рельс өнімдерін жөнелтіп жатқан көрінеді.
Андрей Кузьминнің айтуынша, алдағы жылы бірқатар номенклатураларды игеру қажет болып тұр. Мәселен, еуропалық стандарттарға сай Р60 маркалы рельс өндірісін қолға алу керек. Бұл алдағы жылға қойылып отырған үлкен жоспарлардың бірі екен. Сонымен бірге, алдағы уақытта еліміздегі құрылыс саласына қажетті фасонды өнімдер өндірісін игеру көзделіп отыр.
–Р65 маркалы рельс өндірісін толықтай игердік. Ол жетекші өндіруші компаниялардың әлемдік талаптарына толық көлемде сай келіп тұр. Бұл өнімнің сапасы жағынан Жапония мен бірқатар Еуропа мемлекеттерімен бір қатардамыз. Ал, кейбір бәсекелестерден тіпті оқ бойы озық келеміз, – дейді Андрей Кузьмин.
Оның хабарлауынша, зауыт тиісті сапалық сертификат алу арқылы ЕАЭО елдерінің темір жолдарын да рельс өнімдерімен қамтамасыз ететін болады. Мәселен, Өзбекстан темір жолына Ақтөбе зауытының бір мың тоннадан астам рельс өнімдері жіберілсе, жыл аяғына дейін тағы да бес мың тоннасы жөнелтілетін болады. Компания басшысы ақтөбелік өндірісшілердің таяу және алыс шетелдің темір жол нарығын игеруге толық мүмкіндігі жететініне сенімді екендігін жеткізді.
Зауыттың коммерциялық директоры Андрей Шериннің айтуына қарағанда, 2015 жылдың соңына таман алғашқы өнімдерін шығара бастаған АРАЗ бүгінге дейін 60 000 мың тонна өнім шығарып, алыс та жақын мемлекеттермен келісімшарттарға отыра бастаған. Өнімнің басым бөлігі Қазақстандағы жаңа жол құрылыстарына, атап айтқанда Алматы – Шу екінші жолына, Құрық портындағы паром өткелі құрылысы мен Астана жаңа теміржол вокзалы құрылысына да қолданылуда.
Өкінішке орай, әзірше шикізатты Ресей зауыттарынан алдыруға тура келеді.
Андрей Шериннің айтуынша, бүгінде күніне орта есеппен 1000 тонна рельс өнімдері шығарылады.
–Белоруссия, Өзбекстан, Грузия, Армения, Молдова, Тәжікстан секілді елдермен келіссөздер жүргіздік. Тендерлерге қатысу жағын қарастырып жатырмыз, – деді коммерциялық директор.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?