Елдік пен ерліктің, егемендіктің ұлы мерекесі...
Жаңалықтар
15.12.2016, 10:28
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Әкімшілік ғимаратында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің, Компания басшысы Қанат Алпысбаевтың қатысуымен Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік шара өтіп, 47 адам әртүрлі мемлекеттік деңгейдегі наградалармен марапатталды.
Салтанатты шараның арнайы шақырылған қонақтары қатарында, «Әзірбайжан темір жолдары» ЖАҚ төрағасы Джавид Гамбароглы Гурбанов, «Рохи охани Точикистон» мемлекеттік унитарлық кәсіпорын бастығы Комил Джумахонович Мирзоалиев болып, өз кезегінде мәртебелі меймандар қазақ темір жолының еңбеккерлерін, қазақстандықтарды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Мерекелік шараны ашқан «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев көпшілікті ұлық мерекемен құттықтап, Ұлттық компанияның 25 жыл ішінде атқарған жұмысына шолу жасады.
«...Ширек ғасыр ішінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жетекшілігімен Қазақстан өтпелі кезең қиындықтарын сәтті игеріп, халықаралық аренада өз ұстанымын нығайтып, экономика, мәдениет және әлеуметтік салада қарқынды даму жолына бет бұрды. «Қазақстан темір жолы» Қазақстанның инфрақұрылымдық дамуына негіз болып, теміржол компаниясынан халықаралық деңгейдегі көлік-логистикалық холдингке айналды. Компания Елбасы мен Үкімет жүктеген міндеттерді жүзеге асырып келеді. Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен-ақ Елбасы көлік-логистикалық дамуына ерекше көңіл бөлуде. Соған сәйкес терең институтционалды реформалар мен инфрақұрылымды жаңашаландыру және елдің көлік-логистикалық кешенін дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді», – деген Компания жетекшісі ұлттық экономиканың өсімін және отандық өнімдердің халықаралық нарықтарға шығуын қамтамасыз етуде темір жол көлігі маңызды рөл атқарып, өңіраралық ішкі коммуникацияларды қамтамасыз ету, Қазақстанның экспорттық және транзиттік әлеуетін ұлғайту үшін Елбасы тапсырмасымен тәуелсіздік алғаннан бергі ширек ғасыр ішінде жалпы ұзындығы 2500 км болатын жаңа темір жолдар салынғанын атап өтті.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы 2008 жылдан бастап активтерді жетілдірудің ауқымды бағдарламасын жүзеге асыруға кіріскен болатын. 2008-2016 жылдар аралығында темір жол көлігі активтерін жаңартуға 2,9 трлн теңге инвестиция жұмсалып, нәтижесінде жаңа зауыттардың бой көтеруімен 1000-нан астам локомотив, 37,5 мың жүк вагоны, 1500 шамасында жолаушы вагоны жаңаланып, 4700 км көлемінде жол жаңғыртылып және күрделі жөндеуден өтті.
Көлік-коммуникациялық кешен отандық экономиканың ең негізгі сүбелі тірегі болып табылады. Елбасы мен ел Үкіметі бізге ұлттық экономиканың дамуын анықтайтын стратегиялық және инфрақұрылымдық міндеттерді шешуді сеніп тапсырды. Тасымалдау, логистикалық қызмет көрсету, ұлттық инфрақұрылымды және экономиканың жаңа салаларын дамыта отырып Компания жұмысшылары өз еңбектерімен елдің дамуына үлестерін қосуда. Біз, яғни мыңдаған адамдардан тұратын ұжым бет алған даму қарқынымыздан қайтпай, Компанияға жүктелген қауіпсіз және сапалы тасымалдау, елдің көлік және экспорттық әлеуетін дамыту бойынша миссиямызды тиімді жүзеге асыра бермекпіз», – деп түйіндеді сөзін Қанат Қалиұлы.
Бұдан кейін көпшіліктің ыстық қошемет-қолдауымен сахна төріне көтерілген ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин кешегі әріптестері мен сала ардагерлерін Үкімет атынан Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады.
–Қазақстан Елбасының тікелей бастамасымен жүзеге асырылған тарихи жобалардың арқасында тұрақты даму жолында. Ұлт Көшбасшысының көрегенді саясатының нәтижесінде Қазақстан қысқа мерзім ішінде үлкен табыстарға қол жеткізіп, халықаралық аренада мәртебесі өсті. Елбасының тарихи шешімінің арқасында Тәуелсіздік жылдары әлем деңгейіндегі жаңа елордамыз салынды. Қазір Астана Тәуелсіздік символы. Тәуелсіздік жылдары елімізге шетелден келген инвестициялардың жалпы көлемі 265 млрд долларды құрады. Еліміздің экспорттық және транзитік әлеуеті дамып жатыр. Көлік-логистика саласында тарихи маңызды жобалар жүзеге асты. Осы жобалардың іске қосылуында көлік кешені қызметкерлерінің үлесі зор, сіздерге алғыс айтамын, – деді Үкімет басшысының орынбасары.
Бұдан кейін Асқар Мамин ІІ дәрежелі «Достық» орденімен мәртебелі меймандар – Джавид Гурбанов пен Комил Мирзоалиевті, ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті кеңесшісі Фарит Галимовті, «Парасат» орденімен «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Бауыржан Орынбасаровты, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ президенті Ермек Қизатовты, «Қамқор Менеджмент» ЖШС байқаушы кеңес төрағасы Диас Сүлейменовті, «Ірі жобаларды жүзеге асыру дирекциясы» директорының орынбасары Али Қарабалинді және бірқатар тұлғаларды «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрметті теміржолшы» белгісімен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапаттады. Салтанатты шара соңы мерекелік концертке ұласты.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?