Бос орындар жәрмеңкесі өтті

Жаңалықтар
01.07.2021, 16:00
Асель Шайхынова

Корреспондент газеты «Қазақстан теміржолшысы»

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның ұйымдастыруымен аталған қоғамның 6 компаниясынан «Болашақ» бағдарламасының шәкіртақы иелері мен «Болашақ» ассоциациясы мүшелеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі онлайн форматта өтті. Іс-шараға қатысқандарға «Самұрық- Қазына» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «Қазатомпром» ҰАК» АҚ, «Такен-Самұрық» АҚ, «КМГ Инжиниринг» ЖШС өкілдері өз компанияларындағы негізгі бағыттар мен жастардың қызметте өсу мүмкіндіктері, жұмысқа сәтті орналасуға арналған ұсынымдар туралы айтты. Мәселен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Замир Серіковтің айтуынша, ҚТЖ – Қазақстандағы ең ірі жұмыс беруші және ең үлкен тармақталған желі. 2024 жылы Қазақ теміржолының 120 жылдығы атап өтіледі. – Жүк айналымының көлемі мен табыс жағынан ҚТЖ әлемдегі 15 ірі темір жол компаниясының құрамына кіреді. Бүгінде компанияда 113 мың жұмысшы еңбек етсе, соның 40 мыңы – жастар. Қазақстандағы күре жолдар ұзындығы 21 мың км болса, соның ішіндегі қолданыстағы жол ұзындығы – 16 мың км. ҚТЖ 48 кәсіпорынның акциясына ие. Осындай ірі компанияда жалақы үнемі тұрақты беріледі, бізде оқыту жүйесі жақсы жолға қойылған, әлеуметтік пакет те қомақты, корпоративтік мәдениет қалыптасқан. Біздің корпоративтік құндылықтарымыз БЛАГО сөзінің аясына топтасады, – дей келе ол осы құндылықтар мәні ашып көрсетілген арнайы бейнероликті көпшіліктің назарына ұсынды. Қатысушылар тарапынан ҚТЖ компаниясына тәжірибесі жоқ жастардың жұмысқа ала ма деген сұрақ қойылды. З.Серіковтің айтуынша, көбіне өндірістік саласына тәжірибесі жоқ теміржолшылар қабылданады. Бос жұмыс орындарына келсек, ҚТЖ-да былтыр жұмыс іздеу және жинақтау қызметі орталықтандырылды. 10700-ден астам бос жұмыс орны жабылды. Компаниядағы бос жұмыс орындары туралы qsamruk.kz және rabotanur.kz порталдарынан оқып білуге болады. Компанияның осы бағыттағы жекеменшік платформасы қыркүйек айында құрылады.

Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті