Он станцияда өткел салынбақ

Жаңалықтар
02.07.2021, 11:43
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-да теміржолдағы жарақаттанушылықтың алдын алу бойынша өткен кеңейтілген мәжілісте жыл басынан бері 11 рет адам басу оқиғасы орын алғаны белгілі болды. Жолда болатын қайғылы жағдайларға көбіне белгіленбеген жерден өту себеп болады. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бөгде адамдардың станция жолдарына шығуын болдырмау бойынша шаралар жоспарын жүзеге асыруда. Көлік прокуратурасы, полиция, ҚР ИИДМ көліктік бақылаудың аумақтық органдары, БАҚ өкілдерін тарту арқылы Үйлестіру кеңесінің 71-отырысы өткізілді. Теміржолға жақын орналасқан елді мекендердің 14 мыңнан астам тұрғынын қатыстыра отырып мыңдаған кездесулер ұйымдастырылып, оларға теміржолдан өту қауіптілігі мен ережелері түсіндірілді. «Темір жол – қауіптілігі жоғары аймақ» тақырыбындағы қауіпсіздік сабақтары 237 оқу орнының 9,8 мың оқушысына өткізілді. Теміржолда рұқсат етілмеген, бірақ адамдар жаппай өтетін жерлерде мыңдаған рейдтер өткізілді.Теміржолдың күшімен соңғы 4 жылда 54 шағын станцияда жаяу жүргіншілер төсемі салынды. 2021 жылы 10 станцияда жаяу жүргіншілер өткелін салу жоспарланып отыр. 25 станция мен жалпы ұзындығы 207 км 2 перегонда жолға бөгде адамдардың шығуына қарсы қоршаулар қойылды. Ай сайын өтпе жолдар мен жүргіншілер көпірінің, жаяу жүргіншілер жолдарының жолаушылар платформаларының техникалық жағдайы тексеріліп отырады. Темір жолда қауіпті білдіретін 237 ескерту белгісі орнатылып, 281 белгі жаңартылды.

«Темір жолдан өту ережелерін мұқият сақтаңыздар. Әр адам теміржол көлігі нысандарында жүргенде тек рұқсат етілген жерден ғана өтуі керек, яғни тоннельдер, көпірлер, өткелдер, жол өтпелерінен өту қажет. Уақытымды үнемдеймін немесе осы маған қолайлы екен деп теміржолды кез келген жерден кесіп өтуге болмайды. Өз өміріңізге өзіңіз қауіп төндірмеңіз», – деді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының орынбасары Қанат Көбесов.
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Инфрақұрылым
26.08.2026
Қазақстанның транзиттік жолдары жаңа мүмкіндіктерге жол ашты
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды