«Бағыт» – теміржолшы әйелдер бірлестігі

Жаңалықтар
20.12.2016, 11:54
Семей қаласында кезінде ұзақ жылдар бойы теміржол саласында еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан теміржолшы әйелдердің «Бағыт» қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді.  «Бағыттың» бағыты айқын. Салада еңбек ететін нәзікжандыларға рухани һәм моральдық тұрғыдан қолдау, қажет болса көмек көрсету, жас буынға бағыт-бағдар беріп, қызметтік ортаға бейімделу бойынша тәрбие жұмыстарын жүргізуді мақсат тұтқан бірлестікті  әйгілі Мойынбаевтар династиясының өкілі, ұзақ жыл  Семей вокзалының бастығы болған Нағима Абдуайтқызы басқарады. 2007 жылы құрылған бірлестіктер содан бергі уақытта қаладағы түрлі ұйымдармен бірлесіп тағылымды шаралар жүргізуде. Атап айтсақ, Достық үйінде орын тепкен «Ахау Семей!» қазақ құндылықтарын қолдау орталығымен қанаттасып, қоғамдық шараларға қатысуда. Соның ішінде жас буын арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бойынша ілкімді жұмыс жасалыпты. Аталмыш бірлестік мүшелерінің қатысуымен қалалықтар арасында «Қымызмұрындық», «Ақ орамал», «Бауырсақ» сынды шаралар өткізіліпті. Міне, осы сынды ауқымды жұмыстардың қорытындысы есебінде, жуырда аталмыш бірлестік өкілдері салт-дәстүр орталығымен бірлесіп, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне арналған «25 жұлдызды күн» аясында басқосу шарасын өткізді. Жиын барысында аталмыш ұйымның атқарылған шаралары жөнінде есеп тыңдалып, қонақтардың пікіріне де кезек берілді. Көпшілік алдында сөз алған теміржолшылар кәсіподағы ұйымының басшысы Алик Досанов Семей жүк тасымалдау бөлімшесі бастығы Марлен Көкірекбаевтың құттықтауын жеткізе келе, дәстүрлі «әжелер мектебінің» бүгінгі өкілдері ақ кимешекті теміржолшы аналар жұмысына сәттілік тілеп, қоғамдық істе белсенді байырғы сала ардагерлерін марапаттады. Олардың қатарында  «Бағыт» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нағима Мойынбаева, сала ардагері Бижамал Қалиқызы, бұрма бағыттамашысы болған Тұрсынғайша Багенова,  вагон шаруашылығының ардагері Күләш Құдайбердіқызы Алғыс хатқа ие болды.  

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?