Өскеменде жүк вагондары мен жұп дөңгелектерді жөндеумен айналысатын шеберхана ашылды
Оқуға 1 мин
«Қамқор Вагон» ЖШС ірі филиалдарының бірі – Өскемен вагон жөндеу депосының базасында жұп дөңгелектерді күрделі жөндеуден өткізудің толық циклын игеретін шеберхана ашылды.
Шеберхананы ұйымдастыру үшін негізгі ғимарат қасынан тез құрастырылатын материалдардан қосымша жапсырма салынып, оның іші заманауи жабдықтармен және диагностикалау құралдарымен жабдықталған.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның вагон шаруашылығы мамандары мен ревизорлық аппараты қатысқан құзырлы комиссия өндіріске тексеру жүргізіп, оның нәтижесі бойынша ҚТЖ басшылығы Вагон дөңгелектері шеберханасының (ВДШ) нормативті-техникалық талаптарға толық сәйкес келетінін белгіледі. Және де оны растайтын РУ1-РУ1Ш типіндегі жұп дөңгелектерді күрделі жөндеу жүргізу барысында таңбалау үшін «745» шартты номерін кеңейту туралы Куәлікті Ұлттық компанияның бас инженері Батыр Котырев табыстады.
Осылайша, Шығыс Қазақстан облысында «Қамқор Вагон» тарапынан бір кәсіпорында «ҚТЖ» ҰК» АҚ және өзге тапсырыс берушілер үшін «Бір терезе» принципі бойынша теміржол көлігінің қауіпсіздігі мен жоғары сапасына кепілдік беретін жүк вагондары мен жұп дөңгелектерге жөндеудің барлық түрін жүргізу жұмыстары ұйымдастырылып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін мұндай шеберханалар оңтүстікте Алматыда, Батыста Шалқарда, солтүстікте Павлодарда ашылса, тағы бір шеберхана 2022 жылы Қарағандыда ұйымдастырылмақ.