Сұлутөбеде туған ұл

Жаңалықтар
20.12.2016, 17:03

Орда бұзар отызды толтырған Нұрлыбек Ғалымұлы техникалық колледжде тасымалдауды ұйымдастыру және теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару мамандығы бойынша білім алған жылдары болашақта өз ісінің кәсіби маманы болуды армандады. Еңбек жолын  Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясында электро-монтер қызметінен бастаған жас өндірістен қол үзбей автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша жоғары білім алды.  Бүгінде дистанцияның аға электр механигі әулет  атына кір келтірмей,теміржолшы кәсібін абыроймен жалғастырып отырған Елемесовтер династиясының өкілі. – Әкем Ғалым Елемесұлы бір дистанцияда табан аудармай 31 жыл еңбек еткен жан. Әкемнің атасы Оспан ата, нағашы ағасы Нұрғали атам да осы салада еңбек етіп зейнетке шыққан екен. Бүгінде Ғани, Ғабит, Сәбит, Берік есімді ағаларым да осы салада еңбек етіп жүр. Теміржолшылар әулетінен шыққандықтан бала күнімнен бұл саланың тыныс-тіршілігін танып өстім. Әкемнің жұмысы көз алдымда болды. Біз тұратын үй Сұлутөбе бекетінің дәл түбі. Туғаннан пойыздар гуілін естіп өстім,- дейді теміржолшы жігіт.    Әрине, бәрін білем дегенмен еңбекке бірден араласып кету оңай емес. Нұрлыбектің ңң бірінші ұстазы өзінің әкесі болды. Осы саланы беске білетін білікті маман ізбасарын мектеп қабырғасынан осы кәсіпке баулығанының арқасында қатарластарынан көш ілгері  білім мен тәжірибе жинаған жас жігіт еңбек жолында да тез өсе бастайды. Станцияға алғаш жұмысқа келгеннен бастап Белкөл-Шиелі бағытындағы телім бастығы Өмірзақ Мақсұт ағасы  да білгенін үйретіп жол көрсетті. -Біздің дистанция 14,15,16 разъездер мен Сұлутөбе, Майлытоғай бекеттері аралығындағы техникалық байланыс құралдарына жауапты. Бағдаршамдарды, поезд бұрмаларын, белгі беру құрылғыларын, электр желілерін, поезд өткелдеріндегі белгілерді, әрбір адым сайын орналасқан электр қорапшаларын қатаң бақылауға аламыз. Техникалық ақау болса тас қараңғы түн болса да дер кезінде жетіп, жөндеу керек. Ұжымда өз ісіне мығым механиктер мен электро-монтерлер еңбек етеді. Осыдан алты жыл бұрын Закира есімді арумен шаңырақ көтерген Нұрлыбектің шаңырағында бүгінде Бағила, Нұрислам, Нұрсұлтан есімді бүлдіршіндер өсіп келеді. Алла қаласа, төртінші перзентін күтуде.  Кейбір замандастары секілді шет елге қыдырғанды қош көрмейтін отағасы өзін патриот санайды. Отбасылық демалыста балалары мен жарын  17-разъезде тұратын әжесіне алып бараджы. Уақыт тапсақ, қалаға демалыс саябағына  апарады. Шет елге қыдыруды ойлап та көрмепті. Ақшасы жоқтықтан емес, бүгінде оған екінің бірінің шамасы келеді гой, бірақ одан не пайда табады,  Қазақстанда да жетеді тамашалайтын орын, бәрі өз ретімен.   Уақыты келгенде туған елдің жеті кереметін тамашалап, балаларына таныстырмақ арманы бар.  Ал бүгінгі мақсаты  -  отбасына арнап үлкен үй салу,  маңдай термен тапқан қаржысын өз шаңырағының ұрпағының игілігіне жұмсау. Одан өткен бақыт пен байлық жоқ деп санайды Сұлутөбеде туған ұл.  

 Гүлбану МАҚАЖАН

Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?