Азат елдің аруы
Жаңалықтар
20.12.2016, 17:09
Тәуелсіз елде туылып, ер жеткен, санасы құлдық санадан азат жастың бірі Салтанат Толыбаева – үйдегі 6 баланың тұңғышы. Ел егемендігімен тете өскен жас теміржолшы 1992 жылдың наурызында қарапайым теміржолшылар шаңырағында дүниеге келді.
М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясында оқып жүрген жылдары сабақты үздік оқығаны үшін тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш көлік министрі Нығметжан Есенғариннің атаулы шәкіртақысын алған кезде болашақ мамандығына деген сүйіспеншщілігі мен құрметі арта түскен. Оқу орнын қызыл дипломға бітіріп алтын бесік ауылы – түбекке оралғанда да арманы аламатудай болды. Оқу орнының берген жолдамасы бойынша әуелі Өзен станциясында станция бойынша кезекші жанындағы оператор болып 8 ай жұмыс істейді. Бұдан кейін «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ – Маңғыстау бөлімшесі филиалына жүк қабылдап-тапсырушы қызметіне ауысып, «ҚТЖ» Жастар кеңесінің Маңғыстау аймақтық өкілі болып сайланады. Кешегі арманы мен үмітін серік еткен жас қыз нағыз теміржолшы маманға айналды. Өмірлік серігін кездестіріп отбасын құрды.
-Менің өмірлік жолдасым да теміржолшы. Таныстығымыз әлеуметтік желіден басталды. Сөйлесе келе, әңгімеміз жарасып, отбасын құрдық, – дейді жас маман.
Салтанаттың әкесі Шорабай Абдашов та саналы ғұмырын темір тұлпар тізгіндеуге арнаған «Құрметті теміржолшы», Маңғыстау локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі. Салтанаттың айтуынша, әкесі жұмысқа асығыс кетіп, тоңазытқышта тұрған тамағын әкетуді ұмытып кеткен кездері анасы мектепте оқитын тұңғыышын апарып беруге жиі жұмсайды екен.
─ Әкемнің отбасындағы 5 ұлдың үшеуі теміржолшы, екеуі мұнайшы. Әр жұмыстың өз қиындығы мен қызығы болады. Шойын жол саласының жауапкершілік жүгі таудай. Мысалы, болмас қателігіңмен үлкен апат тудыруың мүмкін немесе жұмысқа олақ қарасаң, біреудің миллиондаған соммадағы тауары жоғалып кетуі ғажап емес. Тауардың саны мен бағасы дұрыс жазылмаса да қателіктің орнын қалтаңмен жабасыз. Пойыз көп кезде аяққа тыным болмайды, бір ауысымда 20-30 адам жұмыс істейміз, – дейді Салтанат.
Оның осындай ортада жұмыс жасап жатқанына 2 жылдан асты. Жұмысқа уақытылы барып, жоспар барысы мен күн тәртібі, техникалық қауіпсіздік туралы жиынға қатысады. Жүк пойызы келгенде бүкіл вагонға тексеріс жасайды, вагон пломбаларын тексеріп, тиелген жүкті таразылап, ешқандай ақау жоқтығына, барлық техникалық жағдайлардың дұрыстығына көз жеткізеді. Бір ауысымдағы үш адамның әрқайсысы өз жұмысына жауапты.
Әсел ТАҢАТАРОВА,
Маңғыстау
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?