Ұстазы жақсы қандай-ды...
Жаңалықтар
20.12.2016, 17:29
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында «ҚР Еңбегі сіңген қайраткері» атағымен марапатталған азаматтардың бірі – Темірхан Мұсаев.
Темірхан Сырбайұлының есімі Қазақ көлік және коммуникация академиясының түлектеріне жақсы таныс. Түркістан қаласының тумасы Темірхан Сырбайұлы еңбек жолын 1974 жылы Қазақ темір жолы ПЧ-10 мекемесінде бастаған болатын. Темірхан ағаның өмір жолына үңілсең, ол кісі саналы ғұмырын білім жолына арнап келеді. 1975 жылдан бастап Алматы теміржол көлігі инженерлері институтына инженер болып ауысқан ол, 1976-1985 жылдар аралығында «Көпірлер мен жерасты жолдары» кафедрасында ассистент, аға оқытушы, техника ғылымдарының докторы, доцент болып қызмет етеді. 1986 жылы Құрылыс жобаҒЗИ аспирантурасын бітіріп, 1988-1992 жылдары факультет деканы, 1994-1996 жылдары АЛИИТ бірінші проректоры лауазымын атқарады. Ал 1997 жылдан 2001 жылға дейін Қазақ көлік және коммуникация академиясының факультет деканы болса, одан кейін үш жыл аталған білім ордасында оқу ісі жөніндегі бірінші проректоры қызметінде, 2004 жылы ҚазККА ректоры болады. Бір жылдан соң Темірхан Сырбайұлы бұрынғы, оқу ісі жөніндегі проректоры қызметіне қайта оралып, ал 2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Көлік құрылысы» кафедрасының профессоры лауазымында жастарды біліммен сусындатуда аянбай еңбек етіп жүр.
Темірхан Мұсаевтың ізденімпаздығы, білім мен ілімге деген құштарлығы оны жақсы танитын адамдарды тамсандырмай қоймасы анық. 3 монографияның, 4 оқулықтың, 100-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақалалардың авторы Темірхан Мұсаевтың рационализаторлық қызметте де өзіндік қолтаңбасы бар. Ол өзі жасап шығарған құрылғылардың 2 патентіне ие.
« Құрметті теміржолшы», «ҚР Білім берудің құрметті қызметкері» және «ҚР Білім беру үздігі» төсбелгілерімен, КСРО Қатынас жолдары министрлігінің атаулы сағатымен, «Қазақстан темір жолына 100 жыл», «Біртұтас Қазақстан темір жолына 50 жыл» мерейтойлық төсбелгілерімен марапатталған Түркістан қаласының құрметті азаматы Темірхан Мұсаевтың наградалар қоржынына биыл тағы бір марапат – «ҚР Еңбегі сіңген қайраткері» атағы қосылып отыр. Бұл - мыңдаған теміржолшыларға үлкен әріптермен жазылатын Ұстаз ретінде танылған Темірхан Сырбайұлының кезекті еңбек жеңісі, һәм жемісі екені сөзсіз. Бүгінде екі ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, 8 немере сүйіп, қырық жыл отасқан адал жарымен бақытты ғұмыр кешіп жатқан Темірхан ағамызды біз де құттықтап, деніңіз сау, отбасыңыз аман болсын демекпіз.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?