Ширек ғасыр белесі

Жаңалықтар
20.12.2016, 18:01

Гүлнар Төлеуханованың Семей жүк тасымалдау бөлімшесіндегі өндірістік-техникалық бөлім басшылығы қызметін табан аудармастан атқарып келе жатқанына он жылға жуықтапты. Ал аға буынның ізін басып келе жатқан сала қызметкерінің темір жол саласына келгеніне биыл тұп-тура 25 жыл. Ол ел Тәуелсіздігі жылдарында темір жол саласында орын алып жатқан өзгерістерге, жаңашылдықтарға толық куә. Гүлнар Сейілханқызы Түрксібпен бірге бой көтерген Шар станциясының тумасы. Мектепті алтын  медальмен бітірген соң Алматыдағы теміржол институтына оқуға қабылданды. Бұл – әйгілі 1986 жыл болатын. Желтоқсан қозғалысында теміржолшы студенттермен қатар алаңға барып, ел болашағына алаңдаушылық білдіріп, үндеуге үн қосты. Азаматтық ұстанымы ең алғаш осылайша патриоттық жігермен қалыптасқан жаңа буын өкілі 1991 жылдың желтоқсанында ел Тәуелсіздігі туралы декларацияның жариялану сәтін де ерекше толқумен қарсы алды. Бұл кейіпкеріміздің қызметке енді ғана қабылданып, Семей станциясы бойынша кезекші қызметін атқарып жүрген кезі екен. Кешкілік теледидардан осы жүрекжарды жаңалықты естіген сәтте,  бірінші кезекте сонау 1986 жылдың ызғарлы желтоқсаны, алаңдағы толқыған жастар, азаттыққа ұмтылған алғашқы мезет ойына оралыпты. Содан бері ширек ғасырдай уақыт өтіпті. Осы кезеңнен бергі аралықта Семей станциясында инженер, бөлімшеде аға инженер, өндірістік-техникалық бөлім бастығының орынбасары сынды сатылы қызметтерді атқарып, 2007 жылдан бастап бөлімшедегі өндірістік-техникалық бөлімнің басшысы болып тағайындалды.   Гүлнар Сейілханқызының бүгінгі қызметі де қауырт жұмыспен басталды. Техникалық-нормативтік құжаттамаларды реттеу, өндірістік көрсеткіштерді тізімдеп, сараптама жасау сынды шаралар күнделікті жүргізіледі. Өндірістік-техникалық бөлімді «бөлімшенің жүрегі» деп бекерге атамайды. Себебі, желі бойындағы барлық станциялардағы атқарылған еңбек осында топтастырылып, жүйеленеді. Жүргізілген жұмыс барысын құжат түрінде қағазға түсірудің өзіндік талабы, заңдылығы бар. Бүгінде Семей жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша 53 станция пойыздар қозғалысына қызмет көрсетуде. Сәйкесінше олардың барлығынан атқарылған еңбек есебі қабылданып, әрқайсысына қажетті нұсқау берілуі керек. Яғни, өндіріске енгізілуі тиіс жаңашылдықтар мен жұмыс технологиясы, алдағы күндерге бағыт-бағдар осы бөлімнен беріледі. Осынау жұмыстың барлығы бір күн ішінде бөлім бастығы Гүлнар Сейілханқызының қолынан өтеді. Ағымдағы жылы бөлімше бойынша бірыңғай техникалық процеске көшу ісі басталғандықтан бөлімге артылған әр міндеттемеге жіті қарау қажет. –Біздің бөлімше бойынша бүгінде станциялар қызметінде бірқатар жаңашылдықтар бар. Атап айтсақ, жұмыс орындарын автоматтандыру ісі жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар құжаттамалар айналымы да электронды түрде атқарылады. Заман талабына сай технологиялық процестер де өзгеруде. Сондықтан да, әрбір станция қызметкеріне қойылатын талап та жоғарылай түседі, – дейді Гүлнар Сейілханқызы.    Бөлім басшысының құзырына еңбекті қорғау мен өндірістік бөлім де кіреді. Бұл тарапта да атқарылатын жұмыстар ауқымы кең. Сол себепті де бөлімше бойынша  ұзындығы 724 шақырымнан тұратын желі бойына іссапарға жиі шығуға тура келеді.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей 

        
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?