Қазақстан – Иран: Бірлескен кәсіпорын құрылмақ
Жаңалықтар
23.12.2016, 11:38
Көлік және логистика саласы бойынша тағы бір жетістік. «ҚТЖ» ҰК» АҚ – еншілес ұйымы «ҚТЖ Exprezz» АҚ мен Иранның «IRISL» кеме жасау компаниясы бірлескен кәсіпорын құру туралы келіссөзге қол қойды.
Иран Ислам Республикасы президентінің Қазақстанға іссапары шеңберінде «Бәйтерек» холдингінің ұйымдастыруымен кеше өткен Қазақстан мен Иран іскерлік кеңесінің үшінші отырысына «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаев бастаған темір жол компаниялары өкілдері қатысты. Кеңес барысында екі ел компаниялары, қаржы институттары арасында түрлі салаға қатысты ынтымақтастық мәселелері талқыланып, соның қатарында өз саласы бойынша әлемдік деңгейдегі Иранның «IRISL» кемежасау компаниясымен бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойылды.
–Бұл бірлескен кәсіпорын Бандар-Аббас портында терминал салу бойынша мәселелермен айналысатын болады. Аталған терминалдың құрылыс жұмыстарына қатысу арқылы біз Парсы шығанағына, одан әрмен қарай Үнді мұхитына шығу мүмкіндігіне ие боламыз. Ал бұл өз кезегінде Қазақстанға, Каспий теңізіне жүк ағынын тартудың тағы бір тиімді жолы. Қытай тарапы Иран аумағына жүк жеткізуге үлкен қызығушылық танытып отыр. Мұны біз Каспий, Ақтау порты, солтүстік терминал арқылы жүзеге асыра аламыз. Сондықтан бұл бірлескен кәсіпорынның құрылуы біз үшін өте маңызды, – деді «ҚТЖ Exprezz» АҚ президенті Диас Исқақов.
Бандар-Аббас портында терминалдың құрылыс жұмыстары келесі жылы басталмақ. Құрылыс жұмыстары «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры, «ҚТЖ» ҰК» АҚ және «ҚТЖ Exprezz» АҚ мен оның еншілес ұйымдары бекіткен ережелерге, сондай-ақ, Иран мемлекетінің заң талаптарына сай жүргізілмек. Бірінші кезеңде, терминалға қатысты Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеумен айналысатын осы бірлескен кәсіпорын құрылмақ. Ирандықтар тарапынан бастапқы нұсқамалар жасалынып қойылған. Сондықтан ТЭО-ны келісіп, бекітуге шамамен 2-3 ай кетеді деп күтілуде. Маңызды құжат дайын болып, бекітілісімен, құрылыс жұмыстары басталмақ. Яғни, бұл шамамен алдағы жылдың маусым айы деп жоспарланып отыр.
Диас Исқақовтың айтуынша, Қазақстан – Иран арасындағы жүк айналымында соңғы уақытта аздаған өсім байқалуда екен. Қазақстаннан Ақтау теңіз порты арқылы су көлігімен әдетте, дәстүрлі тауарлар, бидай, металл экспортталып келеді. Қазақстан – Түркіменстан – Иран бағытындағы жаңа темір жол магистралымен жүк пойыздары да жөнелтілуде. Қазір Солтүстік-Оңтүстік көлік дәлізінің әлеуетін көтеру үшін жүк жөнелтушілерге мейлінше тартымды жағдайлар ұсыну жағы қарастырылуда екен. Осыған байланысты Қазақстан тарапынан аталған бағдарда жүк тасымалына қатысты икемді тарифтерді ұсынып, жүк жөнелтушілерді көптеп тарту бойынша түркімендер және ирандықтармен келіссөздер жүргізіліп жатқан көрінеді. «Егер үш жақтың мүддесі бір арнада тоғысып, оң шешімін тауып жатса, бұл аталған бағдар бойында жүк ағыны арта түсері сөзсіз» деп ой түйеді «ҚТЖ Exprezz» АҚ президенті Диас Исқақов.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?