Электропойыздарға сұраныс артуда
Жаңалықтар
23.12.2016, 11:51
Үсті-үстіне жауған қалың қар, ұйытқыған күшті жел екпінімен бұрқасындатқан апта, солтүстік облыстарда ақ түтек боранды болды. Автожолдар жабылып, қозғалыс шектеліп, теміржол көлігіне сұраныс күрт артты.
Әсіресе, жақын аралықтарға қатынайтын электропойыздар жолаушыға лық толып, тіпті билет жетпей қалып, қарбалас туындады. «Қала маңы тасымалы» АҚ мәліметінше, Астанадан жақын маңдағы Қарағанды, Көкшетау, Павлодар бағыттарына осы боранды аптада 44 мың жолаушы тасымалданған. Олардың дені жақын аралықққа қатынайтын электропойыздар қызметін пайдаланған. Электропойыздардан тапшылық жоқ, оның үстіне құрамдарға қосымша вагондар тіркеліп жатқаны хабарлануда. Десе де, халықтың вагондарға лық толғаны сонша, орынсыз жолаушылар бірнеше сағат жолды тік тұрып баруға мәжбүр болған.
Өткен аптада, ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерекесі қарсаңында Елордадан Астана – Қарағанды және Астана – Көкшетау бағыттары бойынша тағы да қос электропойыз сапарға аттанғаны – жолаушылар үшін жасалған кезекті игілік болды. Сарыарқа төсінен сапарға шыққан жолаушылар су жаңа электропойыздарды тұңғыш сапарға шығарып салып, халықтың қуанышына ортақтасқан едік.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз хатшысы Әбубәкір Смайловтың айтуынша, Астана – Қарағанды бағыты бойынша Астанадан сағат 14:55-те жүретін жаңа электропойыз Вишневка, Осакаровка және Қарағанды – Сұрыптау станцияларына аялдап, межелі жерге жетеді. Бірінші класс вагонында жол жүру құны – 1305 теңге, екінші класта – 1216 теңге, үшінші класта – 1010 теңгені құрайды. Ал Астана – Көкшетау бағытындағы электропойыз Ақкөл, Макинка, Курорт-Бурабай станцияларына тоқтайды. Бірінші класс вагонында жол жүру бағасы – 1567 теңге, екінші класс вагонда – 1459 теңге, үшінші класс вагонының билет құны – 1212 теңге тұрады. Құтты бір жылжымалы кеңсарайдай электропойызда жолаушы қажетінің бәрі жасалған, есіктері автоматтандырылған, өздігінен ашылып-жабылады. Жұмсақ та жайлы орындар бұрынғылардан әлдеқайда ерекшеленеді.
–Бұл электропойыз Қазақстан темір жолының тапсырмасы бойынша жасалынды. Жыл соңына дейін 4 құрам келеді. Барлығы 6 вагоннан 24 вагон болып есептеледі. Электропойыз құрамында 2 вагон бірінші класс, 2 вагон екінші класс, қалған 2 вагон үшінші кластан тұрады. Электропойыздар әлемдік қала маңы стандартына толығымен сәйкес келетіндіктен, Кедендік Одақтың техникалық регламентіне де сай. Жолаушылардың арасында әртүрлі жастағы адамдар болатындықтан, жұмсақ орындықтар мен интернет желісінде ақпараттық ойын-сауық порталы және көңіл көтеретін фильмдер ұсынылмақ, – деді «Қала маңындағы тасымалы» АҚ вице-президенті Сұлтан Табынбаев.
Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
22.07.2026
Жас теміржолшылар Абай еліне рухани саяхат жасады
Әлемде
22.07.2026
Ауғанстанның Пәкістан арқылы өтетін транзиттік саудасы күрт қысқарды
Әлемде
22.07.2026
Өзбекстанда «Ташкент – Хиуа» бағыты бойынша қосымша жүрдек пойыз іске қосылады
Жолаушылар тасымалы
22.07.2026
Елімізде жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жалғасуда
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ қызметкерлеріне арналған барлық сервис енді бір платформада
Инфрақұрылым
21.07.2026
Ақтөбе облысында вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Спорт
21.07.2026
Теміржолшы Эльбрус шыңында ҚТЖ туын көтерді
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы Алматыда өрт сөндіруге қатысты
Қауіпсіздік
21.07.2026
Теміржол өткелдерінде профилактикалық рейдтер жалғасуда
Сұхбат
21.07.2026
Теміржол тарихындағы ең ірі жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда
Әлеумет
21.07.2026
ҚТЖ атынан хабарласатын телефон алаяқтары көбейді
Жаңалықтар
21.07.2026
Еліміздің вокзалдарында кедергісіз орта қалыптасуда
Цифрландыру
21.07.2026
Ақтөбе теміржолы цифрландырудың жаңа деңгейіне өтуде
Инфрақұрылым
21.07.2026
ҚТЖ жыл басынан бері темір жолдың 686 шақырымын жаңартты
Жаңалықтар / Мұрағат
21.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №55 21 шілде 2026 жыл
Аймақтар
20.07.2026
ҚТЖ компаниядағы мемлекеттік тілдің үлесін 92 пайызға жеткізуді көздеп отыр
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
№81/82 «Нұрлы жол – Орал» Тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады
Инфрақұрылым
20.07.2026
ҚТЖ Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысын жеделдетеді
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ISO халықаралық төрт стандарты бойынша сертификаттарға ие болды