Тарих беттерінен...

Жаңалықтар
26.05.2016, 11:57
   Құрметті оқырман, алдағы уақытта төл газетіміздің өткен тарихынан сыр шертетін қызықты ақпараттар мен мақалалардан үзінділер жариялап отырмақпыз. Газеттің 1998 жылдың 9 желтоқсанындағы №22 нөмірінде  Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Бекзаттар Дінәсілов  72 жастағы зейнеткер Зейнеп Мұқашеваның  аналық алғысын жеткізеді.  Қостанайлық оқырман өз хатында қызы Гуляның балалықпен үйден кетіп қалып,  Алматы вокзалында сенделіп жүрген жас қызды вокзал кезекшісі Ғалия Қалиақпарова Қостанай пойызының жолсеріктеріне табыстап, салып жібергені жөнінде  баяндап, адам тағдырына бей-жай қарамайтын темір жол қызметкерлеріне аналық алғысын білдіріпті. Өткен жылдары баспасөз бетінде темір жол саласының тыныс-тірлігімен қатар өнегелі әрі сықақ әңгімелер де, өлең-жырлар да  жиі жарияланып тұрған екен. Сондай әңгімелерден үзінділерді назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік. Сондай-ақ, сол жылдары ай сайын газеттің соңғы беті теміржолшылар шығармашылығына арналыпты. «Теміржолшылар шығармашылығы» атты айдармен Қазақстанның түкпір-түкпірінде қызмет ететін теміржолшылардың өлең-жырлары, әзіл әңгімелері тұрақты түрде жарияланып тұрған. Газет тігінділерін парақтай келе, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлидің өз қолтаңбасымен жазған лебізін де кездестірдік.  «Алланың берген абыройлы ғұмырында менің алғашқы қуанышым осы темір жолмен тығыз байланысты... Поезд үш тәулік жүрді. Бірнеше самаурын шәй іштік. Ақыр аяғында жаңа ғана жауып өткен өткінші жаңбырдан тап-таза болып тұрған көгілдір Алматыға да жеттік. Қырық-отыз күннен кейін ең жоғарғы оқу орнының заңды студенті атанып, екінші бір поезбен ауылшаруашылығы жұмысына яки шөп шабуға жүріп бара жаттық. Күрделі оқу, ауыр емтихандардан кейін әжептәуір титықтап ашыққан жүдеу студенттер үшін поезд дегенің көліктің көкесі. Жолдағы үш күндік ұзақ ұйқыдан кейін өзіңе өзің келіп, біраз өңің кіріп қалады. Со жылдардан бері өз басым поезды, поездағы тербелген тәтті ұйқыны сұмдық жақсы көремін. Содан да болуы керек, жастау кезімде төрт-бес адамнан тұратын отбасы-жанұямды жаныма алып, қара теңіз бойына да сол теміржолмен барып қайтқанмын. Бір өзі жарты әлемді жалпағынан құшақтап жатқан қазақ даласы поезд болмаса не істер еді? Теміржол сол сахара даланың айқыш-ұйқыш күре тамыры тәрізді. Теміржолшылар біздің негізгі тілектестеріміз. Ел мен елді, туыс пен туысты жалғастырып тұрған басты дәнекерлешілеріміз. Олардың жай-күйін біліп отыру – бүкіл Қазақстанның жай-күйін біліп отыру деп ұғамын. «Қазақстан теміржолшысы» маған сол үшін қажет және сол үшін қымбат!», – деп жазыпты халық жазушысы.

Дайындаған Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл