Мерейлі мереке айшықтары

Жаңалықтар
23.12.2016, 12:32
  Маңғыстау темір жолымен тетелес өсіп келе жатқан Маңғыстау ауылында өткен мерекеге өңірдің түкпір-түкпірінен  теміржолшылар келді. Маңғыстау жүк тасымалы филиалының директоры Нәжимеден Ғұбашев көпшілікті Тәуелсіздігік тойымен құттықтап, 25 жылдыққа орай еңбек озаттарын марапаттады. Сондай-ақ, Маңғыстау теміржол мекемелері арасында өткен спорттық сайыс жеңімпаздары мен  жастар форумында жүлде алғандар, "Жас кәсіби маман" байқауынан "Жас диспетчер - 2016", "Жас жолсерік - 2016", "Жас кадр маманы - 2016" номинациясын жеңіп алған жас мамандар да назардан тыс қалмай,  бөлімшесі директорының Алғыс хатына ие болды.   Ардагер теміржолшылар Амандық Алдабергенов, Қожахмет Уәзір, Бекқожа Сәмиевтер сөз алып, қасиетті де қастерлі ұғым Тәуелсіздік жайын толғады. Шахида Жұман, Маңғыстау Оңтүстікте өткен мерекелік жиынды алдымен аймақтағы ардагерлер бастады.    Мерекелік жиында ардагерлер комитетінің төрағасы  Нұрғали Нұртаев бірқатар әріптестерін шақырып, мейрамның құрметіне дастархан жайды. Магистральдық  желі бөлімшесінің басшысы Марат Оңалов Ұлттық компания жетекшісі Қанат Алпысбаевтың атынан 13 ардагерге, Ардагерлердің орталық кеңесінің төрағасы Болатбек Дүйсемәлиевтің атынан 3 ардагерге «Алғыс хат» тапсырды.   Мерекелік шара «Шымкент жүк бөлімшесі» ЖТ филиалында жалғасын тапты. Филиал басшысы Ермекбай Ерманов бірқатар басшы қызметтегі әріптестерін «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен, Ұлттық компания президентінің «Алғыс  хатымен», «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады.   Бекәли АЛТЫН,  Шымкент  Атырау өңірі теміржолшылардың салтанатты шарасында сөз алған Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Бөріхан Сматоллаұлы жиналғандарды мерекемен құттықтай келіп, тәуелсіздік жылдары қол жеткен жетісіткерге тоқталып, оған теміржолшы қауымның қосқан үлесі зор болғанын мақтанышпен жеткізді.   Бөлімше басшысы бір топ зейнеткерлер мен еңбек озаттарына   «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25  жыл» мерекелік медалін табыс етсе, Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің экономикалық бөлімінің бастығы Әлфия Кенжалиеваны «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Бұдан бөлек, Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің пойыз диспетчері Мәлік Бисенғалиев, Мақат локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі Беркін Әжіғалиев, Махамбет станциясының пойыз құрастырушысы Ишарат Тлепбергеновтер компания басшысының «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА, Атырау  Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесі директоры Аманкелді Арысбаев аймақ теміржолының дамуына айтарлықтай үлес қосқан қос ардагерді құттықтады. Олар – Социалистік Еңбек Ері, құрметті теміржолшы-зейнеткерлер Оразбай Әбішев пен Пазылбек Орынбасаров. Қос қарияны арнайы қабылдап, Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерекелік төсбелгісін тапсырған Арысбаев саланың өркендеуіне зор үлес қосқан ардагерлерге алғыс айтып, мықты денсаулық, ұзақ өмір тіледі. Сондай-ақ, облыстық филармонияда өткен  салтанатты жиында болат жол еңбеккерлеріне «ҚТЖ» компаниясы басшылығының және құрамдас мекеме-ұйымдардың Құрмет грамотасы, Алғыс хаты мен  қаржылай марапаттар табыс етілді. Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда  Қандай бір салтанатты шара марапатсыз өткен бе?! Тәуелсіздік мерекесіне орай, бірқатар семейлік теміржолшылардың  абыройлары асқақтады. Атап айтсақ, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекелік медалімен басқосуды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті жанындағы Консультативтік кеңес мүшесі, Семей жол бөлімшесі бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы, Құрметті теміржолшы Қырықбай Әлсейітов наградталды.  «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаевтың Алғыс хатымен «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен Семей станциясы қызметкері Мұратбек Қайырбеков, Семей электрмен жабдықтау дистанциясы директорының  орынбасары Нұрлан Батталов марапатталды. Сондай-ақ, ел егемендігінің 25 жылдығына орай, ұлттық компания президентінің Құрмет грамотасымен Семей локомотив пайдалану депосының машинисі Тілеуберді Әділбеков, НЖС-6 бойынша Семей станциясындағы қалпына келтіру пойызының шебері Оңғарбек Жәкенов, ТЧЭ-24 тепловоз машинисі Берікбол Кәрімбеков, НЖС-6 үнемдеу бөлімінің басшысы Қымбат Қойшыбекова сынды қызметкерлер барша әріптестерінің алдында айрықша құрметке бөленді. Қуан ЕРТІС, Семей       Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің мәжіліс залында өткен салтанатта үш буын теміржолшылар өкілдері бас қосты.  Аға буын теміржолшылар мен бөлімшеге қарасты станция-разъезден жиналған болат жолдың майталмандары алдында облыстық филармония ұжымы мерекелік концерт берді. Мерекелік кештің көркін марапаттау шарасы қыздыра түсті. «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына»  мерекелік медальмен марапатталған ардагерлер өткен жылдардан естелік шертсе, компания басшысының Алғыс хатына ие болғандардың дені жастар болды. – Тарихта 25 жыл өте қысқа мерзім. Дегенмен, осы уақыт аралығында Қазақстан экономикасы жоғары мемлекет ретінде танылды. Тәуелсіздік біздің ең жоғарғы мәртебелі құндылығымыз, азаттықтың арқасында ел ретінде еңсе тіктеген мемлекеттің тұғыры, – деп атап өтті Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Мағауия Оразқұлов. Оның айтуынша, әрбір теміржолшы осы саланың өркендеуіне күш салып келеді. Ардагерлер атынан сөз алған Марс Ким ұлттық компания президенті жанындағы консультациялық кеңесте әріптестерімен бірге талай мәселелерге кезігіп, оларды шешу жолдарын қарастырғандарын жеткізді. Асқар Ақтілеу, Ақтөбе   
Инфрақұрылым
17.06.2026
Алтынкөл – Жетіген теміржол инфрақұрылымы учаскесін жаңғырту жүзеге асырылды
Әлемде
17.06.2026
Stadler төрт осьті жүк электровозын таныстырды
Жаңалықтар
17.06.2026
Қазақстан мен Иран көлік дәлізі мен порт инфрақұрылымын дамытуды жеделдетуге келісті
Аймақтар
16.06.2026
Қарағанөзек станциясында теміржолдан өту ережесін бұзған 20-ға жуық адам анықталды
Жаңалықтар
16.06.2026
«Нұрлы жол» вокзалындағы бірегей теміржол мұражайы 300 астам келушіні қабылдады
Жүк тасымалы
16.06.2026
ҚТЖ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тасымалына 70% жеңілдік енгізді
Жүк тасымалы
16.06.2026
Қазақстандағы жүк айналымының 57%-ы теміржол арқылы жүзеге асырылады
Цифрландыру
16.06.2026
Ұлттық компания теміржол қауіпсіздігін цифрлық жүйелер арқылы күшейтуде
Аймақтар
16.06.2026
Келбеті келіскен вокзалдар көз тартады
Аймақтар
16.06.2026
Ақтөбедегі зауыт Р50 рельсін өндіруді бастады
Аймақтар
16.06.2026
Атырау теміржолшылары жаңартылған Ата Заңның маңызын талқылады
Темір жол тарихы
16.06.2026
Шежірелі шойын жол тарихы
Спорт
16.06.2026
Маңғыстау теміржолшылары бильярдтан үздіктерді анықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
16.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №46 16 маусым 2026 жыл
Әлемде
15.06.2026
Биыл «Қытай-Орталық Азия» бағытында 15 мыңнан астам пойыз жөнелтілген
Қауіпсіздік
15.06.2026
Қозғалыс қауіпсіздігін бұзу дерегі азайған
Аймақтар
15.06.2026
Жүк пойызының машинистері апаттың алдын алды
Инфрақұрылым
15.06.2026
Кабул дәлізінің құрылысы қақтығыстарға қарамастан жүргізіледі
Жаңалықтар
14.06.2026
ҚТЖ еріктілері балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін бірегей теміржол мегамузейіне саяхат ұйымдастырды
Жаңалықтар
14.06.2026
Орталық дәліздің экономикалық пәрмені