Қаңтарда қармен күрес қарқын алды

Жаңалықтар
10.01.2017, 10:26
Арқа өңіріне Жаңа жыл жатырқай кірген кейіп танытты. Желтоқсанның соңғы күндерінен басталып, қаңтардың алғашқы аптасы тынбай үсті-үстіне жауған қар ұйытқыған жел мен боранға ұласты... Арқаның теміржолшылары «кәрі құданың» қатал мінезінен жақсы хабардар. Сондықтан олардың «бес қаруының» қашанда сақадай сай тұратын әдеті. Бұл жолы да қар тазалауға тайлы-тұяғымен жұмылған теміржолшылар іске ауыр техниканы да қосты.  Ірілендірілген Астана жол дистанциясының  жолшыларын біз  Астана станциясы басындағы 12-ші ауданда қалың қарды аршып жатқан қызу жұмыс үстінде жолықтырдық. –Қатты боранды күндері рамаларды тығыздалған ауамен үрледік. Үсті-үстіне жауған қар қалың түсті, сол себепті Астана – Жайнақ аралығындағы бүкіл жолшыны осында алдырдық. 96 разъезде жол колоннасы бар, соның жұмыскерлері де бар.  Қазір 20 адам жұмыс істеуде. Олар қарды негізгі жолдарға лақтыруда, ал олардың соңынан қар тазалайтын СМ-5 техникасы жүріп отырып, жолды тазалап, үйілген қарды өзіне артуда. Жас машинист Мәжит Мұхаметжанов СМ-5 машинасының тізгінінде, техниканың тілін өте жақсы  білетін маман. Бұдан бөлек, СМ-7 деген екі базалы техника бар, соған тепловоз тіркеп, жол шеберлері бастап, жолшылар телімдер бойын  қардан тазартып, пойыздар қозғалысына жол ашып жатыр. Боранды күндері жолшылар екі ауысыммен жұмыс істеуде. Бұдан бөлек, телімдерде жол монтерлері кезекшілікке қойылған. Ең бастысы, біздің тарапымыздан пойыздар қозғалысының  кестесі, қауіпсіздігі бұзылған жоқ, – дейді Ірілендірілген Астана жол дистанциясына қарасты 4-ші телім бастығының міндетін атқарушы Әділбек Жетпісов. Дистанция директоры Жанат Әлжанов алға тартқан деректерге сүйенсек, 1-5 қаңтар аралығында СДПМ қар тазалаушы машинасымен 1733 км жол қардан аршылған. Сонымен қатар УПЧ-17 Астана дистанциясы бойынша СМ-2, СМ-5, СМ-7 техникаларымен 12150 текше метр қар шығарылған. Қардың қалың түскені соншалық, Астана станциясында жолды қардан тазарту үшін екінші кезектегі теміржолшы-қызметкерлерді тартуға тура келіпті. Олардың арасында, вагон пайдалану депосы, Әскерилендірілген күзет қызметі, Астана станциясы, Қырқыншы механикаландырылған жол дистанциясы жұмыскерлері де бар.  

Сұлугүл БАКЕСОВА

Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?