Қозғалыс қауіпсіздігі күшейтілген тәртіпте
Жаңалықтар
10.01.2017, 10:38
Жыл басталғалы ауа- райының күрт бұзылуы, толассыз жауған қар, бұрқасын мен көктайғақ көлік саласының барлық түрлеріне оңайға соқпады. Бірнеше бағыттағы ұшақтар кейінге шегеріліп, тас жолдар жабылды. Міне, осының бәрі ең сенімді көлік түрі – теміржолға қосымша жұмыс көлемін артып, жауапкершілік еселеді.
Осыған орай кеше «ҚТЖ» ҰК» АҚ жетекшісі Қанат Алпысбаев қыс мезгілінде теміржол көлігінің жүрісі мен жолаушы тасымалының қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз ету жайында селекторлық жиын өткізді.
Өткен жылдың соңғы айында республикалық маңызы бар 156 жолдың жабылып, жаңа жылдың 5 күнінде 50 рет көлік қозғалысы шектелген. Кейбір жол телімдерінде ондаған көлік, жүздеген адам қар тұтқынында қалып, қиындықтарға ұшырады. Алайда, теміржол қозғалысы жұмысын тоқтатқан емес, бірқалыпты жұмыс істеп келеді. Мазасыз маусымда пойыз жолаушылар үшін ең қолжетімді және ең қолайлы көлік түрі болған соң, әрине жолаушы саны күрт өсті. Бұл күндері теміржол қызметінің үздіксіз жұмыс істеуін ұлттық компания басшылығы назарда ұстап отыр.
-Барлық қызметтер күшейтілген, айрықша жұмыс тәртібіне көшірілді. Қауіпсіз және үздіксіз тасымалмен қамтамасыз ету бойынша барлық шаралар қолданылып отыр, - деді компания жетекшісі Қ. Алпысбаев.
Тасымалдауда жолаушылар вагондарының барлық жиынтығы түгел іске қосылған. Жиналысқа қатысқан «Жолаушылар тасымалы» АҚ президенті Нұрдәулет Қилыбай: «Желтоқсан айының соңғы он күнінде және қаңтардың басында көбінесе ұзақ құрамды жолаушылар пойыздары жұмыс істеді. 44 жолаушылар пойызының құрамына қосымша 500 вагон, кейбір күндері тіпті 7200 орын сыйымдылығы бар 80-ге жуық қосымша вагондар тіркелді»,- деп атап өтті.
4774 орын сыйымдылығы бар 6 бағытта қосымша жолаушы пойыздары қосылды. Сонымен қатар 1484 орны бар Астана-Көкшетау және Астана-Қарағанды бағыттары бойынша жаңа 4 электропойыз жіберілді. Астана-Павлодар бағытындағы электр пойыздардың жүру мерзімділігі артты. Былтыр соңғы айда олар екі реттен емес, бес реттен жүрді. Н. Қилыбайдың айтуынша, желтоқсан айында 2 млн-нан астам жолаушы тасымалданған. Бұл 2015 жылдың көрсеткішіне қарағанда 100 мыңға көп. Пойыздардың кедергісіз қозғалысы үшін тәулік бойы теміржолдарда қар тазалау жұмысы қызу жүруде.
Компания басшысы Қанат Алпысбаев қосымша тіркемелерді іске асыру үшін жолаушы вагондарының толық резервін қолдану бойынша тапсырма берді. Экстремалды жағдайда жолаушы тасымалдануына және пойыз қозғалысына қауіп төндірмейтін басқа да шаралар қолдану, ұзын құрамды пойыздарды құруға рұқсат берілді.
Райхан РАХМЕТОВА сурет авторы Александр ЖАБЧУК
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?