Маңғыстау темір жол мекемелерінен екі күнде 60 теміржолшы өз еріктерімен қан тапсырды. Сауапты да игілікті шараны Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Нәжімеден Ғұбашевтің өзі бастады. Бірінші күні 30, екінші күні тағы сонша теміржолшы ерікті донорлықты арттыру және емдеу сауықтыру мекемелерінде түрлі ауруларға, қайғылы жағдайларға байланысты қан жетіспей жан тапсырғандар санын болдырмау әрі өз денсаулықтарын жақсарту мақсатындақанға зәру аурухана төсегіне таңылған науқастарға қан көлемін жеткілікті күйде жинақтау үшін ақысыз қан тапсыру науқанына белсенді түрде ат салысты. «Қайырымдылықсыз әлем қара, қайырымдылықсыз пенде қара» деген ұранмен Тәуелсіздік мерейтойы құрметіне жүріп жатқан игі шаралар қатары осылай тағы біреумен толықты.