Құрық портының әлеуетін арттыратын станция құрылысы биыл аяқталады

Жаңалықтар
27.08.2021, 10:05
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Құрық портына қызмет көрсететін, бес жыл бұрын ашылған «Құрық порты» станциясы уақыт өткен сайын дамып жатыр. Алдағы уақытта мұнда тағы бір станция ашылады деп көзделіп отыр. Құрылысы 2019 жылы басталған порт алды станциясы осы жылдың соңына дейін бітеді деп жоспарлануда, деп хабарлайды Rail-news.kz. Қосымша сегіз жолы бар порт алды станция іске қосылған кезде негізгі «Құрық порты» станциясының мүмкіндіктері бүгінгіден күшейе түспек. Мәселен, станциялықтар қазірде паромнан түсірілген жүк вагондарын қанша көлемде болса да келгенін келгендей жіберуде. Егер жаңа станция ашылса, жинақтап, көбірек вагон жіберуге мүмкіндік тумақ.

«Қазір паромнан 36 вагон түсірілсе, тек соның өзін ғана тепловозға тіркеп, Маңғыстау станциясына жөнелтеміз. 36 вагон бір құрамға аз. Ал жаңа станция жолдарына 72 вагон сыятын болады. Сонда осы жерден құрамды толықтырып жіберсек, Маңғыстау станциясына тоқтамай-ақ, әрі қарай тіке кетуіне мүмкіндік туады. Уақыт та, қаражат та үнемделеді», – дейді Құрық порты станциясының бастығы Қанат Айтбайұлы.

Бұдан бөлек, қазір мұнда астық терминалы салынуда екен. 2023 жылы іске қосылуы жоспарланып отырған терминал порттыкі болғанмен, келетін вагондарға қызмет көрсетуші станция болмақ. Вагондарды тұйыққа қою, беру сияқты жұмыстарды атқаратын да, әрине, теміржолшылар. Бұл терминал жұмысын бастаса, жүк ағынын көбейтіп, станция көрсеткіштеріне оң ықпал етері сөзсіз деседі жергілікті теміржол басшылары. Құрық порты: теміржол мен теңіз жолы түйіскен жер

Жаңалықтар / Мұрағат
28.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №57 28 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
27.07.2026
ҚТЖ төтенше жағдайларға дайындықты және өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтті
Аймақтар
27.07.2026
Табиғат аясындағы семинар-тренинг
Аймақтар
27.07.2026
Сарыбел вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Әлемде
27.07.2026
Alstom компаниясы Франциядағы IPCEI сутегі жобаларын тоқтататынын хабарлады
Аймақтар
27.07.2026
Құрғақ порт пен логистикалық парк құрылысы басталды
Жаңалықтар
27.07.2026
Миллионыншы контейнер Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары бойынша жөнелтілді
Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр