Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Бершүгір қармен күресуде
Оқуға 1 мин
Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінде қар қалың түсетін, қысы қатал Бершүгір станциясы қарт Мұғалжар тауларының қойнауында орналасқан.
Бекеттің теміржолшылары қарашадан сәуірге дейін қармен арпалысады.
– Қар түскен бойда адамды да, техниканы да жұмылдырып, тез тазалап отырмыз. Егер сол бойда аршып тастамасақ, ертеңіне өзімізге қиын болады. Қалың қар түсіп үлгермей жатсақ, басқа да теміржол мекемелері тартылады. Станция бастығы күнінде мекеме басшыларына қатынас қағаз жолдап, сенбіліктер ұйымдастыру жөнінде ұсыныс білдіремін, – дейді Бершүгір станциясының басшысы Серік Жұбаназаров.
Оның айтуынша, бүгінде онға тарта техника қар тазалауға тартылған. Бір шеті Шалқар маңындағы Ұлпан станциясынан басталса, екінші шеті Жем маңындағы Талдысай станциясына дейінгі аралық.