Кемел МАРАТ
Тасымал мәселесі сөз болды
Оқуға 1 мин
Бидай өңдеу және ұн экспортымен айналысатын қостанайлық кәсіпкерлер ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттарымен кездесуде темір жол тасымалы мәселесін көтерді.
Мысалы, жергілікті кәсіпкердің тарифке қатысты сауалына «Жүк тасымалы» АҚ – Қостанай бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Юрий Юревич жауап беріп, бәсекенің орын алуына қатысты мәселенің бір ұшы, компаниялардың жекеменшікке өтуі деп түсіндіріп, өз бөлімшесінің клиентке басымдық беретін тұстарына тоқталып, қолға алынатын реформаларды тілге тиек етті. Кәсіпкерлердің сала басшыларына айтқан уәжінен кейін, тараптар темір жол торабындағы бизнестің дамуына кедергі келтірер жайттарды жою жайын ақылдасты.
Еске сала кетсек, таяуда «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев та ашық вагондардың жетіспеушілігінен тарифті көтеруге мәжбүр екендіктерін, бірақ бизнес-орта ұстанымдарымен міндетті түрде санасатындықтарын жеткізгені белгілі.