Кедендік кодекс келісімі транзитті жеңілдетеді

Жаңалықтар
17.01.2017, 16:53
Өткен жыл соңында Ресейдің Санкт-Петербор қаласында қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексі туралы келісім темір жолдағы тасымалға оң септігін тигізеді деп күтілуде. Арнайы құрылған сарапшылар тобының жұмысына «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері де белсене атсалысқаны белгілі. 2016 жылдың 26 желтоқсанында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшылары қол қойған Одақтың Кедендік кодексі туралы Келісім 2017 жылдың 1 шілдесінде күшіне енеді деп жоспарлануда. Жаңа құжат үш жыл  жасалды. Алғаш рет бұл процеске тек мемлекеттік органдардың өкілдері ғана емес, сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің бизнес-орталарының сарапшылары да қатысты. Сарапшылар тобы жұмысына Қазақстанның «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «KEGOC» АҚ, «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ, «Филипп Моррис Қазақстан» ЖШС, «Еуразиялық Топ» ЖШС, «Азия Авто» АҚ, «Қазпочта» АҚ, «KAZLOGISTIСS» Көлік тасымалдаушылар одағы және тағы да басқа бизнес-қоғамдастықтары белсенді қатысты. ЕАЭО Кедендік кодексі Еуразиялық экономикалық Одақтағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуді регламенттейтін базалық құжат болып саналады, сонымен қатар Одақтың құқығын құрайтын негізгі құжаттар қатарына кіреді. Кодекстің негізгі қырлары: электронды кедендік декларациялауға басымдық беру және тек айрықша жағдайларда ғана жазбаша декларациялауды қолдану – бұл Кодекстің негізгі жетістігі, тараптар қағазбастылықтан құтыла алады; кедендік декларацияны және тауарларды шығаруды тіркеумен байланысты кедендік операцияларды кедендік органдардың ақпараттық жүйелерін қолдану арқылы автоматты түрде жасау мүмкіндігі –  бүгінде тек санаулы ғана әлем елдерінде іске асыру мүмкін болған бірегей жаңалық; кедендік органға негізге ала отырып толтырылған құжаттарды көрсетпей-ақ кедендік декларацияны беру мүмкіндігі – транзитті декларациялаудан бастап шығарылғанға дейінгі кез-келген процедураның  (негізгі қағида – тек электронды декларация ғана, құжаттар тек тәуекелдер жүйесі негізіндегі құжаттар) барлық кезеңдерінде декларациялаудың арыздану мүмкіндігі қарастырылған; кедендік аумаққа тауарларды әкелумен және оларды әкетумен, кедендік декларациялаумен және тауарларды шығарумен байланысты кедендік операцияларды жүзеге асыру кезінде бір терезе тетігін пайдалану. Бұл бірреттік құжаттарды көрсету қағидасы, егер ақпарат мемлекеттік органдардың мәліметтер базасында болса, онда кедендік бақылау кезінде ол көрсетілмейді; алдын ала ақпараттандыруды ұсыну және пайдалану  механизмдері қайта қаралды – кедендік органдар ұсынылған ақпаратты бағалауға, оны декларанттың өтініші бойынша әкелу туралы хабарлама, уақытша сақтау, транзит, декларациялау құжаты ретінде пайдалануға міндетті. Алдын ала ақпараттандыру жүйесін енгізу арқылы жүктердің шекара арқылы өту процедураларын шын мәнінде жеделдету және жеңілдету мүмкіндігі  туады; транзит кезінде тексерістен өткізу мерзімі қысқарды. Сонымен қатар, басты атап өтер жайт, бір ғана тасымалдау құжаты бойынша мультимодальды тасымалдарды декларациялау мүмкіндігі қарастырылды. Сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына жолда келе жатқан барлық жүктерге бір ғана транзиттік декларация толтыруға мүмкіндік берілді. Бір ғана шарт – барлық артық жүктемелер мен көлік түрлерін ауыстыруға қатысты жеткізу тізбегін ұйымдастыратын, барлық ережелердің орындалуын қадағалайтын жауапты тұлға болуы керек. Бұл «Қазақстан темір жолына» ұлттық операторға айналып, мультимодальды тасымалдарды (т/ж, теңіз, әуе) бір ғана келісім арқылы және бір ғана көлікті құжаттың көмегімен жүзеге асыруға мүмкіндік бермек.

Тәңірберген АРҒЫН

Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?