Нығметжан Есенғариннің 80 жылдығына арналған конференция ұйымдастырылды

Жаңалықтар
29.09.2021, 19:20
Нұрбол Манап

Алматыда Мемлекет және қоғам қайраткері, даңқты теміржолшы Нығметжан Есенғариннің 80 жылдығына арналған «Қазақстанның көліктік әлеуеті: бастауы және келешегі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.  Бейне байланыс түрінде ұйымдастырылған жиында сөз алған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаттарын жеткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз құттықтауында Қазақстан тәуелсіздігін тұғырлы етуге елеулі үлес қосқаны, еліміздің нағыз патриоты әрі жоғары білікті кәсіби маман ретінде көлік және коммуникация саласын ілгерілетуге, халықаралық деңгейде тиімті интеграцияны дамыту ісіне аянбай ат салысқаны үшін мерейтой иесіне ризашылығын білдірген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауында Н. Есенғариннің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, Кеден Одағы мен Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықтың кешенді істрін алға бастыруға ұйытқы бола білгені айтылған. Сонымен қатар Президент мерейтой иесінің ғылыми еңбектерін де тілге тиек еткен. Конференцияға қатысқан өзге де ресми өкілдер мен ардагер теміржолшылар сексеннің сеңгіріне шығып отырған даңғыл жол дарабозы туралы жүрекжарды  пікірлерін ортаға салды. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Сауранбаев шойын жол саласы қандай да бір жетістікке жетсе, оның бастауында Есенғариндей алып тұлға тұрғанын атап өтті. Атап айтқанда, аймақтар арасындағы ішкі коммуникацияны қамтамасыз етіп, экспорттық және транзиттік әлеуетті арттыру үшін тәуелсіздік жылдарында 2500 шақырымнан астам темір жол салынған. Әлемдегі өзық елдермен серіктесе отырып  өнім өндіру ісі қолға алынды. Соның арқасында соңғы үлгідегі локомотивтер, вагондар, рельстер өзімізден шығарыла бастады. Бір сөзбен теміржолдағы машина жасау саласы қалыптасты. Сонымен қатар бірқатар инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асты: астанада «Нұрлы жол» вокзал кешені пайдалануға берілді. «Хоргос-Шығыс қақпасы» порты, «Құрық» портында паром кешені салынды. Ақтау теңіз портының ауқымы кеңейтілді. Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту транзиттік жүк ағынын тартуға мүмкіндік берді. Контейнерлік тасымалдар жыл сайынғы өсімді көрсетіп отыр. Биыл контейнер тасымалының көлемін 1 млн. ЖФЭ дейін жеткізуді көзделіп отыр. Учаскелердің өткізу қабілетін арттыру үшін теміржол инфрақұрылымын жаңарту жөніндегі жобалар іске асырылуда. Достық станциясы мен Достық–Мойынты желісін дамыту бойынша үлкен жұмыстар қолға алынды. Сөз соңында Нұрлан Сауранбаев кейінгі толқын теміржолшылар аға буынның тәжірибесіне сүйеніп, ұрпақ сабақтастығын  сақтап, ізгі дәстүрлерді лайықты жалғастыратынын айтты. Осы орайда Нығматжан Қабатайұлы Есенғаринге ұшан-теңіз еңбегі үшін алғыс айтып, мерейтойымен құттықтады. Конференция соңында Нығметжан Есенғаринге Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының «Құрметті академигі» атағы берілгені жарияланды.

Жаңалықтар
27.07.2026
ҚТЖ төтенше жағдайларға дайындықты және өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтті
Аймақтар
27.07.2026
Табиғат аясындағы семинар-тренинг
Аймақтар
27.07.2026
Сарыбел вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Әлемде
27.07.2026
Alstom компаниясы Франциядағы IPCEI сутегі жобаларын тоқтататынын хабарлады
Аймақтар
27.07.2026
Құрғақ порт пен логистикалық парк құрылысы басталды
Жаңалықтар
27.07.2026
Миллионыншы контейнер Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары бойынша жөнелтілді
Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды