Азия мен Еуропа арасындағы Қазақстанның транзиттік әлеуеті

Жаңалықтар
29.09.2021, 20:33
Нұрбол Манап

Нығметжан Есенғариннің 80 жылдығына арналған «Қазақстанның көліктік әлеуеті: бастауы және келешегі» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға отандық сала мамандарымен қатар алыс-жақын шет елдердің және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысып шойын жол саласының көкейкесті мәселелерін ортаға салды. Бейне байланыс түрінде ұйымдастырылған шарада темір жол жүйесінің өзекті тақырыптары- контейнерлік жүк тасымалы мен Қазақстанның транзиттік мүмкіндігі сөз болды. Қарқынды дамып жатқан Қытай мен валюта әлемі-Еуропа бүгінде әлемдік сауда-саттықтың көрігін қыздырып отыр. Екіарадағы дәнекер - Темір жол серіктестігі ұйымы. Азия мен Еуропадағы 29 ел мүше ТЖСҰ 1956 жылы құрылған.  Штаб-пәтері Варшавада. Ұйымның Жүк тасымалы комиссиясының Төрайымы Зубайда Аспаеваның мәліметіне сүйенсек, мүше елдер аумағынан өтетін 300 мың шақырымдық желі арқылы жыл сайын шамамен 5,5 млрд жолаушы қатынап, 5,6 млрд тонна жүк тасымалданады екен. Осы тұста стандартты вагондармен дәстүрлі жүк тасымалдау жүйесінің заманы өтіп бара жатқаны байқалады. Өйткені ТЖСҰ контейнерлік тасымал түріне басымдық беретін болған. Оның әсерін соңғы кездері біз де сезіп отырмыз. Қазақ-қытай шекарасындағы алыс-берісті контейнерлік пойыздар арқылы жүзеге асыру талаптары соның айқын дәлелі. Сол Қытайдың тауарын Еуропаға, одан кері алып өтудегі Қазақстанның транзиттік әлеуетіне келер болсақ, 2020 жылы жалпы жүктің 91 % біздің ел аумағы арқылы тасымалданған. Бұл жерде Қазақстанның тоғыз жолдың торабында тұруы өз алдына, 2014 жылдан бері каншама инфляциялар болып жатса да тариф саясаты айтарлықтай өзгере қоймаған. Осы жылдың 8 айында  Қазақстан аумағы арқылы 6130 контейнерлік пойыз өткен. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы көлік сервисін жақсартып, пойыз жылдамдығын арттыруға әрдайым күш салып келеді. Бұл қарекет Еуразия кеңістігіндегі Қазақстанның тразиттік мүмкіндігін еселей түсетіні сөзсіз. Халықаралық ұйым өкілінің темір жол көлігімен жүк тасымалдау барысына берген бағасы осындай. Ал, осы шаруаға жауаптылардың бірі «KTZ Express» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Игембаев айтуынша Қазақстан географиялық  орналасуы бойынша құрлық және теңіз арқылы 7 елмен шекараласады. Сондықтан контейнерлік тасымалға басымдық беру арқылы транзиттік әлеуетті арттыру басты міндет. Қазіргі кезде сол Қытай мен Орталық Азия, ТМД, Еуропа, Түркия арасындағы контейнерлік тасымал еліміз арқылы қарқынды жүріп жатыр екен. Тауар барар жеріне 7-16 күн ішінде жеткізіледі. Статистикаға сенсек, көрсеткіш өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда 32% жоғарылаған.  Бұл тұрғыда Қазақстан шойын жолын пайдалануға Ресей де мүдделі. Қытай мен Ресейдің біз арқылы тауар алмасуы өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда  30 % артқан. Ал, Қытай мен Орталық Азия арасындағы тауар алмасу әзірге даму үстінде. Осы арада Транскаспий халықаралық көлік бағдарын айтпай кетуге болмас. Бұл -Әзірбайжанды, Грузияны, Түркияны байланыстыратын және теңіз порттары арқылы жүктерді бірнеше рет ауыстырып тиеуді талап ететін күрделі мультимодальді маршрут. Дей тұрғанмен арнайы тарифтік шарттар ұсынудың арқасында мұнда да ілгерілеушілік бар. 2019 жылы контейнерлік тасымалды жандандыру үшін Каспийде кемелер бағытының тұрақты кестесі жасалды. Соған сәйкес су көлігі әр сәрсенбі сайын Ақтаудан, әр сенбі сайын Бакуден жөнелтілетін болды. Бұл вагондардың, контейнерлердің айналымын және жеткізу мерзімін оңтайландырады. 2021 жылдың 8 айында Ақтау-Баку бағыты бойынша тасымалдау көлемі - 8,7 мың ЖФЭ, ал, Баку – Ақтау бағыты бойынша 2,6 мың ЖФЭ жетті.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті