ҚазККА түлектерін ұшырды
Жаңалықтар
31.05.2016, 11:40
М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы кезекті 2016 жылғы түлектерін ұядан ұшырды.
Жоғары оқу орнын бітіруші түлектерге диплом табыстау салтанатында академияның президент-ректоры Бахытжан Қуанышев түлектерді осынау қуанышты оқиғамен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы өмірлеріне сәт сапар тіледі. Сонымен қатар, жас түлектерді салтанатты шараға арнайы келген қонақтар, Қазақстанның атақты көлік қызметкерлері мен теміржолшылары Қалтай Сәмбетов, Избасар Қарабасов, сондай-ақ Алматы жол бөлімшесі директорының логистика жөніндегі орынбасары Айбас Жұмағалиев және басқа лауазымды тұлғалар құттықтап, жастарға өз қолдарымен диплом тапсырды. Осы жылы көлік академиясын бітіруші барлығы 953 түлектер арасында төрт жыл бойы «үздік» нәтиже көрсеткен 37 жас «қызыл» дипломға ие болды. М.Тынышпаев атындағы ҚазККА еліміздегі темір жол саласы бойынша жоғары квалификациялы мамандар даярлайтын бірден-бір оқу орындарының бірі. Жыл сайын 14 мамандық бойынша мыңдаған түлектер академия қабырғасынан түлеп ұшып, болашақ жас маман ретінде үлкен өмірге қадам басып келеді. «Автоматтандыру және телекоммуникациялар», «Логистика және басқару», «Көлік техникасы және құрылыс» факультеттерінің мыңға жуық түлегі мемлекеттік емтихан мен дипломдық жұмыстарын сәтті аяқтап, диплом алды.
Білім ордасында «инемен құдық қазған» төрт жылдарын өткізген түлектер дәстүр бойынша М.Тынышпаев ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ұстаздарымен бірге түлектер аллеясына шырша талдарын екті.
Лаура ТАСБОЛАТОВА
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл